Жас жігіттің ауруы
жеке
блог

Жас жігіттің ауруы

Келесі кім? Кірсін тез-тез.
Онысыз да уақыт жоқ.
Не айлық жоқ, тыным жоқ.
Таң атқаннан, күн батқанша,
Бітпейді екен бұл жұмыс,
Қашан болад үзіліс.
Деп: Дәрігер есік жаққа қарады.

Ал есіктен бір жас жігіт кірді де,
Дәрігермен амандасып,
Халін сұрап білді де,
Отыра қалып орындыққа жайғаса,
Ауруы жайлы бастап кетті былайша:

Кеше кешке жүргенімде серуендеп,
Байқап қалдым бір аруды керемет.
Содан бері жатсам да, мен тұрсам да,
Ойлай берем сол сұлуды толғана.
Ойлағанда ауырады жүрегім,
Білгім келед бұл аурудың,
Аты қандай екенін.
Осы дертті жазатындай,
Сіз білетін ем бар ма?
Сізден басқа көмектесер,
Адам бар ма? Жан бар ма?

Дәрігер: Тыңдап болып,
Мырс етіп, жәймен күліп,
Жігітке қарап үн қатты.
Жүрегіңді мазалаған,
Ауру емес, махаббат.
Бұл махаббат ғашықтардың сезімі,
Сезімдердің ішіндегі, ең сұлуы, керімі.

Сол себепті сұлуыңнан айрылма,
Сұлуыңмен бақытты бол,
Ешқашанда ауырма.

04.02.2005ж, Алматы
©Шиелінің жігіті

#Шиелініңжігіті #Өлең

P.S: Балмұздақ кездегі таза қиял...

Суретке сілтеме: http://stan.kz/kazakstandyk-yestrada-zhuldyzdary-gash/