5 миллиард адамның басын біріктірген жоба

5 миллиард адамның басын біріктірген жоба

Facebook-ті ойлап табушы Марк Цукерберг 5 миллиард адамның интернет желісіне қосылуын қамтамасыз ететін Internet.org жобасын іске қосты. Жоба жайында мәліметті Facebook парақшаларында таратқан.

Жобаға Цукербургтен өзге Nokia, Samsung, Ericsson, Opera, Qualcomm және MediaTek компаниялары қатысады. Олар технологияның түрлі мүмкіндіктерін пайдаланып, дүниежүзі адамдарының бір желіде бас қосуына ат салыспақ.

Жобаға қатысушылар бірінші кезекте телефоннан интернетке қосылу мүмкіндіктерін арзандатпақ. Бұдан өзге арзан әрі сапалы смартфондарды шығаруды қолға алуда. Осы мақсаттарға жету жолында мобильді операторлардың рөлі зор.

Екінші кезекте бар назарларын телефонға қажетті қосымшалардың көлемін азайтуға бағыттауда. Осы жоба аясында көлемді кішірейтуге арналған бағдарламалар ойлап табылуда. Үшінші орында сервистер мен бизнес модельдерді ойлап табу мәселесі тұр.

Internet.org жобасына қатысушылар жер бетіндегі адамдардың тек 1/3 бөлігі немесе 2,7 миллиарды ғана интернет желісін қолданатындығын айтуда. Жыл сайын бұл көрсеткіш 9 пайызға ғана өсіп отырады.

Интернеттің басты ресурстарының бірі – Facebook әлеуметтік желісі. 2013 жылдың шілде айында жүргізілген есеп бойынша, бұл желіні 699 миллион адам қолданады. Оның 469 миллионы ұялы телефондары арқылы кіреді. Бұл көрсеткіштің 2012 жылмен салыстырғанда 51 пайызға жоғарылағандығы.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөзі: lenta.ru

Қ. Бүйенбай