Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Оттан да ыстық

Оттан да ыстық

Оттан да ыстық

Мерзімді әскер қатарына шақырылушыларға қойылар талап? Борышын өтеуге дейінгі процесс қандай? Медициналық тексеріс қалай жүреді? Бұл сұрақтар көпшілікті мазалайтыны рас. Әсіресе, болашақ сарбаздың ата-аналары мен туған-туыстары білуге асық. Жауап алу мақсатында Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бас сұқтық.

 Әскер

Барған бойда бір топ жастар медициналық тексерістен өтіп жатты. Жергілікті әскери басқару органдарының, денсаулық сақтау және құрылымдық күштердің өкілдерінен құралған шақыру мен медициналық комиссиясы олардың бойы, салмағы, тыңдау, көру қабілеттерін қарап, әскер қатарына қабылдау туралы шешім шығарды.

Көз

Аудандық, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерден іріктеліп келген азаматтар департаменттегі жатын орындары мен асxанасы.

Жатын орын

Асxана

Осында 2-3 күн тұрақтаған соң шығарылған шешімге байланысты ҚР Қарулы Күштерінде, ҰҚК Шекара қызметінде, Президенттің Мемлекеттік күзет қызметінде, сондай-ақ, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының қатарында  әскери борыштарын өтеуге аттанады. Биыл өңірден 1991–2000 жылы туған азаматтар борышын өтеуге алынуда.

Мәжіліс залы

Ертеңгі күні Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Әскер қатарына шақырылушылар күні» атты патриоттық акция өтті.

Акция

Әскери борышын өтеушілерге Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, подполковник Талғат Дәулетханов тілегін білдірді.

Шара

Салтанатты түрде шығарып салған азаматтар ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жіберілді.

Алматы облысынан шақырылған азаматтар өзінің моральдық және дене бітімі тұрғысынан мықтылығымен ерекшеленеді. Өңір озат облыстардың қатарында тұр. Жыл сайын төрт мыңнан астам шақырылушы мерзімді әскери қызметке аттанады.

Сөйтіп 40 күн өткен өткен соң, Әскери ант қабылдап, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге кіріседі.

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 28 қазан 2018, 00:11
Тегтер: Әскер, Отан, борыш, міндет, қорғаныс

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.