Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Күш-қуат беретін пайдалы тағамдар

Күш-қуат беретін пайдалы тағамдар

Күш-қуат беретін пайдалы тағамдар

Денсаулығымызды жақсартып, қалыпты ұстау үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Назарларыңызға пайдалы тағамдардың тізімін ұсынамыз:

1. Алма. Алманың құрамында пайдалы дәрумендердің мол екені бәрімізге мәлім. Аталған жемісте полифенол мен флавоноидтар көп кездеседі, ал олар мықты антиоксидант саналады. Алманы күнде таңертең жеуді әдетке айналдырған жөн.

2. Банан. Оның құрамында калий көп болғандықтан, қан қысымы мен жүрек қызметін қалыпты ұстауға көмектеседі.

3. Қызыл бұрыш. Қызыл бұрыштың құрамында А және С дәрумендері бар.

4. Табиғи қара шоколад. Қара шоколад өзге тәтті тағамдар секілді дәрумендерді жоймайды.

5. Асқабақ дәні. Асқабақтың дәнінде магний, темір, кальций, К витамині мен ақуыздар мол. Сонымен қатар ол жұмыс істеу қабілетін арттырады.

6. Сұлы ботқасы. Күнде таңертең сұлы ботқасын, ал 25 минуттан соң жеміс-жидек жеуге дағдыланған абзал.

7. Салат. Жасыл көкөністер дәрумендер мен минералдарға толы болғандықтан, тез қорытылады. Оның үстіне күш-қуатыңызды арттыра түседі.

8. Ананас. Ананастың құрамында бромелайн ферменті бар. Ол асқазанды тазартып, ас қорытуға көмектеседі. Ананасты аш қарынға жеу керек.

9. Шөпті шай. Егер тамақтанғыңыз келмесе, шөпті шай ішуіңізге болады. Бірақ алдымен құрамында кофеиннің бар-жоғын анықтап алыңыз.

10. Кептірілген інжір. Інжір қанды жақсы тазартады.

Сурет: colady.ru

Оқи отырыңыз:

Денсаулыққа пайдалы тағамдар

Пияздың денсаулыққа пайдасы бар ма?

Көк шайдың пайдасы бар ма

Зат алмасуды тездететін табиғи рецепт

Дұрыс тамақтана білесіз бе?

Дайындаған: Фариза Абилова
Қосылған күні: 15 қаңтар 2015, 09:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.