"Махаббат және сөз таптары"
блог
Жандарбек Жұман есімді блогеріміз бүгін "Сөз таптары қатысқан махаббат туралы өлең..." атты блог жариялапты. Өлеңі керемет. Сол орайда, Қайсар Қауымбектің осыған ұқсас бір өлеңін мен де бергім келді. Айып етпессіздер :)
Махаббат және сөз таптары
"Махаббат - дерексіз зат есім" (қазақ тілі 11 бет)
Дерексіз болған зат есім дедің махаббат,
Асықпа, досым, үкімің мынау қатал-ақ!
Көргенмін оны кеудемде қалған тас болып,
Ал оның талай көзінен аққан боталап.
Есімде алғаш жүрекке шоғы түскен күн,
Таң алдында әппақ махаббат деитін түс көрдім.
Балдай тәтті екен бақыттан басым айналып,
Удай ашты екен уыстап ұрттап ішкенмін.
Есті жан болсаң саған да келіп бір түнер,
Ер болсаң сонда сол үшін жүрек жыртып өл.
Сан есім дер ең, сан жетпес ол бір телегей,
Кіршіксіз ақ қой, сын есім шығар мүмкін ол.
Кешірмес, бәлем, ал оның дәмін татпай көр,
Жер басып жүріп онсыз тіпті опа таппайды ер.
Жаратқан аллам, керексіз болған ешкімге,
Дерексіз кеткен махаббаттардан сақтай көр!
Сол үшін қанша азапқа түсіп, от іштік,
Келісім қайда?!
келмеске кетті. кетістік!
Жо,жо,жоқ, қарғам, сен олай күнә жасама!
«Махаббат деген зат есім емес етістік!»
деді бір ағам.
рас-ау, ә!!!
2008 желтоқсан