- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты отбасы –...
Бақытты отбасы – ұлы күш
- Әйеліңізді басқалармен салыстыра сөйлеуден аулақ болыңыз.
- Басқалардың жұбайын мақтай келіп, өз әйеліңіздің келбетін ауызға алмауыңыз ағаттық.
- Әйеліңізді жалғыз тастамаңыз, әйел жаны нәзік, секемшіл келеді.
- Жұмысқа кетерде, бір жаққа аттанарда, жарыңызды құшақтап, маңдайынан иіскеңіз.
- Қашан да қабақ шытып, қара күшке басу еш мәселені шешпейді.
- Сырттағы шаруа мәңгі таусылмайды, жан жарыңызды жадыңыздан шығармаңыз. Өйткені, ол отбасыңыздың берекесі.
- Ерлер өз кәсібімен, шыққан биігімен үзеңгі қағыстырса, әйелдер өзінің жұбайымен, балаларымен үзеңгі қағыстырады.
- Ақылды әйелдер жұбайын қашанда басқалар алдында көтермелеп, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып тұрады. Ал сіз жарыңызға деген махаббатыңызды оның достары алдында көрсете білуіңіз керек. Бұл – ол үшін үлкен қуаныш.
- Тапқан табысыңыз жанұяңызға шаттық сыйлауы керек. Қызметтің бір ләззаты осы.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: akzhelken.kz
M. Auelkhan