Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы жаңартылды
блог
Достар!
Өз таныстарыңызға жіберіңіздер. Менің жобам өтетін болса бәрімізге де, келешек ұрпақтарымызға да жақсы болады. Мен оны 25 жыл бойы мәпеледім. Жұртқа ыңғайлы болсын деп талай жылдар бойы оны дамыттым. Оған үкіметтен ақша алған жоқпын.
Бәрін бос уақытымды сарп етіп істедім. Міне оның енді сіздердің игіліктеріңізге асу үшін аттанатын уақыты болды. Қабыл алыңыздар елім, халқым. Байқаусызда айырылып қалмаңыздар. Бұны мен әлі дамытам. Сіздеге не керек болса әлі де өзім жазып беруге талпынам. Сіздерден көмек болса қуанам. Маған қазір драйвер жазатын адам керек болып тұр. Тапсаңдар маған хабарлассын.
Парламентте таныстырылған жоба 100 басқа жобаның арқасында жиналған. Мен одан 130 мыңнан астам қате таптым. Басқа жобаларының кез-келгенінде қандай қателер бар екенін кім білсін.
Ол жоба бәрібір өтпейтін сияқты.
Дегенмен мен бұл жазбалардың жоғарыға жетіп, қаралатынына сенімім жоқ.
Менің жобамда бұрынғы қазақ ережелері көп өзгеріске ұшырамайды.
Керісінше ықшамдалады.
Бәріңізге зор ден-саулық, сәттілік тілеймін.
Бүгін Мұхтарбай Өтелбаевтың ескертуіне орай жобаға өзгеріс енгізіп жолдап отырмын. Өзгерістерің соңғысы болғай.
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
https://massaget.kz/blogs/22959/
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
https://massaget.kz/blogs/baykau/22960/
Бір қызығы тіл мамандары әлі де араласпай жатыр.