Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Тарих қайта жаңғырды

Тарих қайта жаңғырды

Тарих қайта жаңғырды

Халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы, мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры-Қазақ хандығы. Еуразия даласында кіндік тіккен осындай мемлекет туралы, ұмытылмас із қалдыратындай кинофильм түсіру әрбіреудің қолынан келмес іс. Осы жоба қазақ кино саласының жаңа бір серпінін бастағандай. Кинокартинаны көріп, қазақстанның көркем кино бағыты өрге басып бара жатқанына кәміл куә бола аласыз. Ілияс Есенберлиннің романына арқау болған бұл көркем туынды әр қазақтың жүрегінен жылы орын табатынына сенімдімін. Құлақпен жүз рет естігенше, көзбен бір көрген артық дейді ғой, сол себепті көріп, өздеріңіз де бір ой түйеді деп сенемін. Ал осындай таптырмас мүмкідікті көрерменге «31» телеарнасы ұсынып отыр. Міне бүгін жас баладай телехикаяның тұсауы кесілді. Ал кинофильм ретінде ол бірнеше ай бұрын кинотеатр сахнасында өз орнын тапқан еді. Бүгін көрсетілген бөлімі жоғары айтып кеткен «Алмас қылыш» кинофильмінің бастауы болып табылады. Тек арасында фильмде болмаған эпизодтар қосылған. Осылайша осы телехикая 10 бөлімді болмақ.

«Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады»  -Асан Қайғының осы сөздерімен басталған телехикая, асылтан сермеп, жүректен тербеп, шымырлап бойға жайылып, жаулап алар өзіңізді. Бірінші бөлім халықтың жер жанаты Жетісуға айқ тіреп көшуінен басталып, Жәнібек ханның ажалдан аман қалуымен аяқталады. Осылайша ол жалғасын таппақ. Келесі бөлімдерін тағатсыздана күтіп отырғандарыңызға үміттенемін. Аяқтай келе, отандық туындыларды қолдауға үндеу саламын. Тағы да, шығармашылық топқа үлкен алғысымды білдіремін. Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы болған тарихымызды, түсінікті етіп алдымызға қойғанда, неге көрмеске?

15 1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 20 наурыз, 00:10
Пікірлер
+1
20 наурыз, 16:15

Толықтай келісемін! Тарихымыздың жалпы көрінісін түсінуге мүмкіндік беретін таптырмас телехикая екен. Түрік, үнді сериалдарының орнына осындай керекті нәрселерді көрсетіп тұрса қандай керемет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...