Шоколад принтері сатылымға шықты

Шоколад – адамзаттың ойлап тапқан ең ғажап дүниелерінің бірі екеніне сөз жоқ. Енді сол шоколадты сүйіп жейтіндер үшін оның дәмінен бөлек, тағы бір сиқыры есігін ашып отыр. Бұдан былай шоколадты өзіңіз қалаған дизайн бойынша жасай аласыз.

Ол өлшемдері 5х5х2,5 см дейін болатын үш өлшемді шоколадтарды жасай алатын  ChocaByte принтері арқасында мүмкін болып отыр. Кәмпиттердің дизайнын өзіңіз жасай отырып оны достарыңызбен бөліссеңіз де немесе дайын дизайндарды интернеттен жүктеп, сол бойынша құйсаңыз да болады.

Принтерді іс жүзінде пайдалану өте оңай – арнайы шоколад картриджін (төрт данасы үшін 10 доллар) алсаңыз болғаны, оны ыстық суда немесе қысқатолқынды пеште жібітіп, кейін оны принтерге жүктейсіз. Бір-екі минуттан соң шоколад дайын болады.

Шоколад принтерінің бағасы да аса жоғары емес, бар болғаны 100 долларды құрайды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gadgetblog.ru