Адамдар бір-бірінің құнын біле ме?

Адамдар бір-бірінің құнын біле ме?
жеке
блог

Жауыр болды деме, досым...

Бір ағам айтады, қазір адамдардың барлығы да бір-біріне жат, бөтен, алыс деп. Көшедегі келеңсіз дүниелерді көріп қалған сәттерде мен де солай ойлай жөнелемін.

Адамдар бір-бірінің құнын біле ме? Ақыл мен сана берген соң қуаныш, күлкі, бақыт, береке, махаббатпен өмір сүруге жетер не нәсте бар? Қарапайым ғана өмірді кішкене ғана жақсылықпен толтыра білсек, шіркін...

Фейсбукте отырып алатын әдетім бар. Сол, жаңалық немесе қызық іздейтін әдет баяғы. Үнемі әлдекімге пікір айтып, немесе суретке баға қойып жүретін Қайсекем бір видео салыпты. Дөйт деген! Айтып жүретін әзіл-қалжыңы ма дедім. Видео жақсылық пен нұрға толы. Кеудеңе қуаныш сыйлайды.

Бала кезің делік... Ылдилап өтіп жатқан өмір сен үшін тоқтап қалғандай. Өскің келеді, үлкендердей болғың келіп, ересектерге деген ынтықтығың артады. Қызды-қыздымен сол өте шыққан балалық шағыңды кейін қалай сағынасың? Сондағы ерке-шолжаңдығыңды кешірер шешеңе бір мейірленіп қарайсың ғой, сені көре сала еркелете жөнелетін, бар ынта-шынтасымен жақсы көре салатын, қайтарымсыз махаббат сыйлай алатын адамдарды іздейсің ғой... Міне, дәл осы қуаныш пен сезімді осы бір видеодан көре алдым. Сіздермен де бөлісейін. Жақсылық – қайтарымсыз емес. Тек сенейік...

 

Сурет: www.nsad.ru