Жақсылық жасау – тым қиын емес

Жақсылық жасау – тым қиын емес

Жақсылық жасау, қайырымдылықпен айналысу бізге бір қиын секілді көрінеді. Ол үшін арнайы уақыт бөліп, өзге дүниені ұмытуға тура келетіндей. Ал кейде тіпті жақсылықтың қайтарымын, бағалануын күтеміз. Көңілі ақ, адал адам бола білу тым қиын дүние емес екенін айтқымыз келеді. Оған төмендегі суреттер дәлел...

 

Әлдекім өзінен кейінгі сатып алушыға сыйлық ретінде тиын-тебен қалдырыпты...

«Сэнди» дауылынан кейін мыңдаған адам электр жарығынсыз қалды. Ал үйінде электр жарығы барлары өзгелерге көмек ретінде сымдарын далаға шығарды. Бұл арқылы көптеген адам телефондарын қуаттап, жақындарына қоңырау шалды...

Велошабандоздардың Австралияда өткен реткі жарысында қатысушылар әбден шөлдеп, жарыс жолына шығып алған коалаға су беріп жатыр. Бұл кезде далада 40 градус ыстық болған екен.

Өзінің әлдеқашан жоғалтып алған әмияны пошта арқылы қайтып келді. Салып жіберген адамға мың алғыс...

Нью-Йорк полицейі Ларри Депримо Тайм-Скверде кезекшілігін атқару кезінде көшедегі бір шарасыздың аяқ киім көлемін сұрап алады. Бірер уақыт өткен соң ол қыстық аяқ-киім алып, замандасына ұсынады. Ұсынып қана қоймай, шұлығымен бірге кигізеді. Көшеде кетіп бара жатқан бір әйел бұл істі көріп қалып, суретке түсірген. Әлден уақытта бұл сурет Facebook бетінде пайда болды.

Бұл суретте ер жігіт күшіктерді құтқаруда. Манила.

Екі жігіт су аңғарына түсіп кеткен қойды құтқаруда. Норвегия.

«Үйсіздерге арнап, ақысыз түскі ас береміз...»

Мысық соқырларын топан судан құтқарып жатқан ер адам. Каттак қаласы.

Киім тазалау қызметі жұмысқа тұру үшін әңгімелесуге бара жатқан адамның киімін ақы-пұлсыз тазалап береді.

Соғыс кезінде жауынгер мысық баласы – соқырға түтікше арқылы тамақ беруде.

Ал теңіз жауынгерлері күшік асырап алды...

Көргеніңіздей, жақсылықтың үлкен-кішісі деп емес, оның бар болғаны ғана пейілімізді жақсылыққа бұруға көмектесе түседі. Өмірде жақсы адамдар бар, олар көп...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

А. Құлтай