Ертең Қазақстанның көп бөлігінде қарлы боран соғып, көк тайғақ болады

Ертең Қазақстанның көп бөлігінде қарлы боран соғып, көк тайғақ болады

Бейсенбі, 29 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальді бөліктер әсерінен қарлы боран соғып, жауын-шашынды (қар жауып) және көк тайғақ болады. Кейбір аймақтарда қалың тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, жер көк тайғақ болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Жамбыл облысында 25 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының кейбір аудандарында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с аралығында болмақ.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жылдамдығы 15-20 м/с болатын боран тұрады.

Атырау, Маңғыстау облыстарында таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында күндіз аяз болып, жер көк тайғақ болады деп күтіледі.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kazakhstandaily.com 

Б. Қосмағамбет