Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Тән саудасы немесе "Томпыштың" ізімен

Тән саудасы немесе "Томпыштың" ізімен

Тән саудасы немесе

"Жезөкшелер" туралы сөз ести қалсаңыз, денеңіз түршігіп, жағаңызды ұстайсыз. "Оңбаған, ұятсыздар, ата-анасы тәрбие бермеген! Ужыыыыс, қалай тәнін сатады екен, жиіркенішті!" Қайтіп қана барады екен мұндайға, ваще түсінбеймін!" деп пыш-пыштап сырттан өсек айтасыз, өзіңізше соттап тастайсыз. Және "жоқ олай емес!" деп мойындаудан қашпай-ақ та қойыңыз! Өз сөзіме өзім жауап бере аламын. Өйткені, осыдан бірнеше жыл бұрын өзім де осындай ойда болғанмын. Рас айтам, өзім "тән саудасымен" айналысатындарды өз көзіммен көрмесем де, сериалдардан, кинолардан көп көретінмін. Сенсеңіз, Алматының өзінен бұрын, "Саин" көшесі туралы КВН-дерден жиі еститінмін. Сондайда өзімнің қыз баласы болып жаратылғандығым үшін ұялатынмын. Жігіттерге бәрібір ғой, ал қыздың жанын қыз баласы ғана түсінеді. Қалай сонда өзіңнің тәніңді өзге біреуге... Тіпті терең ойлауға қорқатынмын. Бірақ мен ешқашан екінші жағынан, яғни "олардың" көзімен қарамаған екенмін-ау...

Бір күні Бекзат жерден жеті қоян тапқандай жүгіріп келіпті: "Айгееер, мен деген сұмдық(короный сөзі) кітап оқыдым! Мынаның ішінде "Томпыш" деген роман бар. Енді бір керемет! Мә, алшы! Оқып болған соң айт, бірге талқылаймыз! Енді керемет... Мынадай шығарма жазу деген...". Айтып жатыр, айтып жатыр. Жымидым да, жарайды деп шағын ғана кітапты алып қалдым. Қарасам Ги де Мопассанның кітабы екен. Әлемдік классика. Бір-екі бетін оқыдым да тастай салдым. Ертесіне сабаққа барсам, Бекзат бір жігітпен отырып шығарманы талдап жатыр екен. Екеуінің әңгімесіне қызығып кеттім. "Оқыдың ба" деп сұрап қала ма деп ұялғанымнан, сабақтан шықтым да бөлмеге келіп, әлгі кітапты оқып тастадым. Әдетім бар сондай - сол кітаптың әсерінен шыға алмай бір-екі күн жүрген шығармын... Бүгінгі жазбам да сол кітаптан кейінгі түйген ойым туралы болмақ. 

Шығарманы өздеріңіз оқып аларсыздар. Басты кейіпкер - мадемуазель Элизабет Руссе. Қысқаша айтқанда, Томпыш - қоғамдағы жезөкшелердің жиынтық образы. Оқып отырып, Жезөкшенің шынайы бейнесін көріп, жан дүниесіне үңіле түсесіз.  Сері Мопассан кейіпкері Томпышқа өзінің ғашық болғанын да жасырмаған. Ол: «Сол жезөкше әйелдің бейнесіне өзім де ғашықпын. Томпыш - менің махаббатым» деген екен. Шығармада Францияның пруссактардан зардап шегіп, әлсіреп отырған шағы бейнеленеді. Өкінбейтіндіктеріңізге кепілдік бере аламын.

Бір құрбым бар. Бір сөзінде: "Маған екінші рет өмір сүру мүмкіндігі берілсе, жезөкше болып көрер едім, неге олардың осындай жолға түсетіндігін түсінгім келеді" деген еді. Расымен де, қалың көпшіліктің ішінен жезөкшенің жан жарасын түсініп, жеке өміріне тоқталып, қияметті қылыққа қалай тап болғанына бір сәт назар салып көргендер бар ма? Неге олар осындай жолға түсті екен? Неге біз оларға жала жауып, олардың әрекеттерін жылы жауып қана қоя саламыз!? Олардың арасында ана, олардың арасында қамқор перзент, олардың арасында сүйкімді қарындас, олардың арасында ошағының қамы үшін жүрген отанасы бар екендігіне мен сенімдімін. Біле білсеңіз олардың ары тапталып, тағдырдың тәлкегіне түскеніне біздер кінәліміз, бізде жауаптымыз дер едім. Олардың ешбірі де сол жолға өз еркімен бармайды, еріккеннен нала мен өкінішті іске толы күнәға барады дейсіз бе!? Тап соларға қараған жиіркенішті көзбен парақорларға, ұрыларға, адам өлтірушілерге қарамайды екенбіз? Басына іс түсіп, жүрексіз адамдардың, қатал қоғамның құрбаны болған байқұс, қыз баласының өз тәнін сатпағанда қолынан не келсін?...

"Ойбай, қыздар деген ұятсыз, қыздар деген ұлтымыздың маңдайына қара таңба басады, оларды құрту керек!" деп бар жаланы оларға жаба бергенше еркектер өздеріне қарасын! Мықты болса нәпсісін тиып алсын! Күнә мен машақатқа белшесінен малынып, тән саудалап жүрген жандарға жанымыз ашып, рухани қолдау танытсаңыз, дұрыс жолға түсірсеңіз, қанеки? «Жығылған үстіне жұдырық» деп, онсыз да жаралы жандарды қараңғылықтың қойнауына тығып, адастырып әкететін ер-азаматтардан не қайыр, не үміт? Түнімен екі көзі төрт болып, нәзік жандыларды аңдыған еркек кіндіктілерді ойласам көкірегімді ащы өксік тілгілейді. Іздегенге сұраған деп, олардың талабынан шығуға ұмтылған көріктілер абайсызда от кешіп, ұлт маңдайына қара таңба басып жатыр. Оларды бірден қарабетке теңеп, санасыздардың санатына қосудың қажеті шамалы... Бір сәт өзіңіз де ойланып көріңізші... 

Оларды соттаудың қажеті жоқ. Онсызда ар азабына батып, ар сотына түсіп жүр олар...

П.С. Бүгін қатты ашулымын! Сондықтан көп жаздым. Өзім сияқты көлемді жазбаны оқуға жүйкесі шыдамайтындарға біздің қоғамдағы "тән саудасымен" айналысатын топ туралы пікіріңізді қалдырыңыз дегім келеді))


28
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 21 ақпан 2013, 11:37
Тегтер: жезөкшелер, тән саудасы, Гиде Мопассан, "Томпыш"

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.