Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Маған 1 жыл!

Маған 1 жыл!

Маған 1 жыл!

Қайырлы кееееш! Сәлеметсіздер ме! Қалдарыңыз қалай? (Күн батқанда мазаларыңызды алсам, алдын ала кешірім сұрап алайын)))

Бүгін - мен үшін ерекше күн! Тебіренісім мен қуанышымды өздеріңізбен бөліскім келді.

Қандай қуаныш дейсіз бе?! Бүгін - менің блогосфера әлеміне келгеніме тұп-тура бір жыл толып отыр... Ең алғашқы жазба қалдырғаныма, Массагетпен және сіздермен танысқаныма жылдың жүзі болыпты. Эээээх, уақыт шіркін көздіашып жұмғанша өте шығады ғой) Бірақ, мен сіздермен өткен жыл үшін еш өкінбеймін. Керісінше, разымын.

Бұрындары ай сайын күнделік арнап әлек болушы едім, қазір ол әдетімді мүлде тастап кеттім. Өйткені, сіздер барсыздар, Массагет бар... Орынды-орынсыз жазбаларыма түсіністікпен қарап,қолдау білдіріп, ақыл-кеңестеріңізге шомылдырып жүргендеріңізге, мұңды Кәусардың назына уақыт бөліп жүргендеріңізге мың алғыс! 

Мен осында жүріп көп нәрсе үйрендім, көп нәрсе түйдім. Тіпті, бірқатар дүниелерге деген көзқарасым өзгерді. Жақсы жағынан. Қиын сәттерімде жұбаныш таба алдым. Және мұның бәрінің жалғасқанын қалар едім...


Ең алғашқы жазбамды "Рақатқа бола бес күнгі, ренжіте көрме ешкімді" деген тақырыппен(қазір оқып әбден күліп отырмын, қате деген шаш-етектен екен, ұят болмасын деп түзеп қойдым, күлмеңіздер! Сол күні өзіммен бірге қадам басқан Ақерке мен Салтанат қана пікір қалдырыпты) бастаған екенмін, екінші жылға аяқ басар күнде де дәл осы сөздерді қайталағым келіп  отыр. Сыйластығымыз сарқылмасын, татулығымыз таусылмасын! бра болғандарыңызға тағы да рақмет!

 

Сіздерге деген ақ махаббатпен: мұңды Кәусарларыңыз

47
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 16 ақпан 2013, 22:24
Тегтер: Кәусар мұң

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.