Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сіз блогты не үшін жазасыз?)

Сіз блогты не үшін жазасыз?)

Сіз блогты не үшін жазасыз?)

Соңғы кезде  ауылымызға жаңадан қоныс аударып келіп жатқан жас блогшылардың қатарының көбейгендігі  көңілімді де, көзімді де қуантып жүр. Анар Мұстафина өзінің бір сөзінде: « Меніңше, адам өмірге блогер болып болып келеді. Бұлай дейтінім, ешкімді де ешқашан да қинап-қыстап жазба жаздырта алмайсың...» деген еді(осы пікірін естігелі көп ойланып жүрмін). Сондықтан, блогосферада телміріп отыратындарды ешкім таяқпен ұрып әкеліп, арқанмен байлап қойды деп ойламаймын. Бәрі жүрек пен көңіл қалау болар... Осы орайда, бүгінгі жазбамды өзім қатарлы, өзімнен кейін келген(ардагерлерімізге тіл қатуға ерте шығар))) ) жас блогшыларға арнағым келіп отыр)))

Мәселен, мен о баста(бір жыл бұрын) блог деген нәрсені еш түсінбейтінмін. Алғашында жазу керек болған соң жазып, оқу керек болған соң ғана оқитынмын. Байыбына бармай жатып өтірік пікір жаза салатын кездерімнің болғандығын да мойындаймын. Сөйтіп жүріп саясатқа да, тілге де, дінге де өтіп кеттім))) Кейіннен сараптасам, блог – кәдімгі өзім бала күннен жаттап өскен Абайдың Қара сөздері секілді дүние екен. Иә, қазақ блогосферасының тарихы Абайдан басталады деуші едім. Ол өзінің ең алғашқы жазбасында: «... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керек сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» демей ме?

Сонан бері блог менің күнделігіме айналып кетті(бұған дейін оннан астам күнделік жазған екенмін, күнделік-досымның тілі жоқ, ал блогтың тілі бар, берер кеңесі мен айтар ақылы да мол, үйретері көп). Не көремін, не естимін, не ойлаймын, не түйемін (жігіттерді де қалдырмайтын болғансың ғо)бәрін, бәрін «Жазба жазуды» басамын да паш ете саламын. Десе де, мұнымды түсінетіндер аз секілді... Құрбыларым, дос ұлдар, туыс-бауырларым, тіпті ата-анам үшін бұл әлем «өсек үйі» немесе «еріккендер жиналатын орта», «бос ермек» көрінеді((((( Кейде келеке еткендерге түсіндіре алмай жүйкем тозып, шаршайтыным бар)))

Содан ғой, бір-бірімізді  түсінісіп алу үшін «Сіз блогты не үшін жазасыз?» деген сауалды орталарыңызға тастағым келіп отыр) Бәлкім, сіздерді де түсінбейтіндер бар шығар ә?)

Блог әлеміне бейжай қарамайтын жастардан жалынды жауаптар күтемін,- деееееп пікір жинап алудың амалын жасап жібергенсің ба))))))

40
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 29 қаңтар 2013, 12:14
Тегтер: блог, қазақ блогосферасы, блог туралы, сіз блогты не үшін жазасыз?

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.