Қайта оралмайтын 2012...

Қайта оралмайтын 2012...
жеке
блог

Жомаааарт! Рахмет таяқшаға! Міне, жаздым)

Жыл сөзі: "Біз жемісі бар ағашқа қарай тас атамыз, өйткені оның биіктігіне бойымыз жетпейді." Әттеген-айы - авторын ұмытып тұрмын....

Жыл Адамы: анам

Жыл мекені: КазҰУ қалашығы, 17 студенттер үйі


 

Жыл әртісі: Айгүл Иманбаева, Бекжан Тұрыс, Ерболат Тоғызақов

Жыл фильмі: "Шал"

Жыл сериалы: "Базарбаевтарды" басында бір-екі рет көргем. Ұнады. Қазір неге көрмейсің дейсіз бе? Бөлмемде тв жоқ. Нашар тұрам ше)))

Жыл кітабы: Шыңғыс Айтматовтың "Ақ кемесі"

Жыл жазушысы: Шыңғыс Айтматов

Жыл ақыны: Есенғали Раушанов пен Қайсар Қауымбек

Жыл өлеңі: Қайсар Қауымбектің Алматы жайлы

"Жоқ дейсің бе әкем, жоқ дейсің бе анам?!!

Жүрек қой мынау дерттей сыздаған. 

Өзекке тепсең өзің біл енді, 

Сонда да сүйем!

Не істейсің маған, 

АЛМАТЫ?!!!"

Жыл әні: Мұқағалидың "Қайран жеңгемі" 

Жыл әншісі: Тәуірбек, Мұрат аға

Жыл тағамы: жатақхана жанындағы кафетериядағы манты. Кіргеннен "манты ма?" дид сондағылар)

Жыл сусыны: шие-шоколад "da da day"

Жылдың ең үздік күні: бөлмелес қыздарымды аулыма апарған күн. Тауға шығып, сап-сары долана теріп бір мәз-мейрам боп жайраңдап қалып ек, шіркін...

Сосын, режисер ағайымыздың Тараздағы тойына барар жолдағы пойызды басымызға көтерген күн. Туған күнімді осылай тойлағанбыз))

Жылдың ең үздік кеші: "Миллион раушан гүлді" қойған күн. Жылап ем еңіреп)


Жылдың ең үздік кездесуі: Кездесулер көп қой. Тәәәәәк... Көптен көрмеген бөлелерім мен нағашыларыммен тойда кездескен сәт шығар

Жылдың ең үздік сыйлығы: Бекзат досымның сыйлаған қаламы. Өзі ерекше әдемі

Жылдың ең үздік сайты: Массегет қой)

Жылдың тамаша қыдыратын орны: Есентай бойы


Жылдың үздік демалысы: Топпен бірге Алма-Арасанға барған күн. Тауға шығып айқайлағым кеп жүр ед. "Өмір-өзен ағадыыыыыыы" деп мына сарқырамамен жарысып шырқады Ақерке)))

Жылдың ең керемет жаңалығы: Журналистика жағалауына жақындадым.

Жылдың ең тамаша кезеңі: Жазғы демалыстан студенттер жатақханасына оралған сәт. Әй, әбден сағынысып қалып ек

Жыл бойы сағынышым: Мұңнан арашалап алар жанды сағындым. Ол келді де...

Жыл аксессуары: бір көк сырғам бар, ұзын)). Соны жақсы көрем.

Жыл әттеген-айы: Жыл басталысымен бір жақынымды ренжітіп алдым. Бір жыл өтті. Уақыт еш нәрсені де емдей алмады. Оның бір реніші маған деген жүз жанның ренішіне татиды ғой. Кешірдім десе де, тақтайға қығылған шегені суырғанда орнында із қалмаушы ма еді?..

Жыл жеңісі: "Мүмкін емес"-пен алыстым. Жеңдім! Өзімді-өзім жеңдім!

Таяқшаны Аяға берем