- Негізгі бет
- Музыка
- Мадонна ғашықтарға көмектесті...
Мадонна ғашықтарға көмектесті
Әнші Мадонна Амстердамдағы концерті кезінде жанкүйерінің сүйгеніне сөз салуға көмектесті. Бұл туралы Contactmusic хабарлады.
Концерт әншінің MDNA деп аталатын әлемдік турнесінің аясында 8 шілде күні өтті. Жанкүйерлерінің бірі сүйгеніне отбасы құру туралы ұсыныс жасағысы келетіндігін естігеннен кейін, Мадонна оған көмектесуге ниеттеніп, жас жігітті сахна төріне шақырды.
Әнші жанкүйерінің сүйгеніне ұсыныс тастау сәті
Махаббатын әлемге паш еткелі отырған жігітке микрофонды берместен бұрын әнші: "Сөзіңді жан-тәніңмен айт! Шын жүректен сөйле!", - деп оны бір жігерлендіріп алды. Нәзік жанды ару да сүйгенінің ұсынысын қабыл алатындығын білдіргеннен кейін, зал іші гүр етіп, қошемет пен құрметке толды. Әнші өз кезегінде жастарға бақытты да баянды өмір тіледі.
Концерттің толық нұсқасы
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: news.cn