Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен және Массагет: "Массагетпен үш айлық сәби кезінде танысқан едім..."

Мен және Массагет: "Массагетпен үш айлық сәби кезінде танысқан едім..."

Мен және Массагет:

Он алтыншы ақпан... Иә, дәл осы күні Массагетпен ең алғаш рет қол алысып танысып, Массагеттің айқара ашқан құшағына еніп, осы ауылдың тұрғыны атанған болатынмын. Ол күннен бері қанша уақыт өтті. Бірақ, Массагеттің бетін ашқан сайын дәл алғашқы күнгідей ерекше таңқалыспен қараймын. Өйткені, әріптестерімнің түрлі айдарларда дайындайтын әрбір материалы мен блоггерлердің әсерлі жазбалары, Корей сериалдары күннен-күнге танымымды арттырып келеді. Өйтекені мен - порталдың қызметкері ғана емеспін, тұрақты оқырманы да болып келемін. Және соңғысының лауазымы - алғашқысынан да жоғары деп білемін.

Ал контент ретінде бәрін нөлден бастадым десем артық айтқандығым емес. Бұрын-сонды сыртынан ғана танитын ғаламтор әлеміне терең бойлап, жылулық пен сыйластық, бауырластық лебі есіп тұратын блогосфера деген мекенге аяқ бастым. Жазба арқылы сырласуды үйрендім. Үйрендім? Олай емес! Үйретті! Массагеттің жүрегі - Мейіргүл, ақылына көркі сай - Анара, менің ең алғашқы ұстазым болған - салиқалы Сәния, өз ісінің шебері - Ғазиза, еш жатырқамастан ағынан жарылған Қайыржан... Дәл осы кісілер менің осы ауылдың бір мүшесі болып қалануыма үлкен септігін тигізгендер еді. Осы сәтті пайдаланып зор алғысымды жеткізгім келеді.

 

Мен Массагетке не бере алдым? Бұл тақырып төңірегінде ауыз толтырып ештеңе де айта алмайды екенмін. Керісінше, тек қана алып келе жатырмын. Мәселен, порталда өзіме ерекше ұнайтын «Әлемтану» айдарынан өзге елдің тыныс-тіршілігі мен әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ, өз еліміздің көпшілікке беймәлім қыр-сырын тани түссем, «Бастаңғы» айдарынан дәмді тағамдарды дайындауды үйреніп, тән сұлулығы мен жан сұлулығының құпияларына қанығып келемін.

Негізі, о баста "дайын асқа тық қасық" болып келген контентпін. Екінші курс оқып жүрген кезім еді. Қосымша жұмыс іздеу мақсатымен, талай есікті тоздырып тастағанмын, Жазушылар одағына корректорлыққа бардым, таныстарым көшірме жасайтын жерлерден, мейрамханалардан жұмыс ұсынды. Ешбірі көңілімнен шықпады, оның үстіне ата-анам мұндай жұмыс істеуіме қарсы. Содан бір күні кешкісін, ішім пысып, агентте отырсам, Мейіргүл жазады ( Мейіргүлмен бірінші курста бір жатақханада тұрған болатынбыз): "Қыз-ау, қалайсың? Қайда жүрсің көрінбейсің ғой...". Онымен сөйлеспегелі көп болған, ағымнан жарылып: "Ооо, қалайсыз? Жақсы, жақсы. Өзіңіз?..". Содан не керек, Мейіргүл практикант қыздар керек болып жатқандығын, өзіммен бірге 2-3 қыз алып келуге болатындығын айтты. Бітіріп жүрген түгім жоқ, кейін жұмысыма сертификаты керек болып қалар деген оймен ертесіне Ақерке мен Салтанатты ертіп алдым да осында келдім. Содан бері менде мүлде жаңа өмір басталып кетті. 

Массагетпен үш айлық сәби кезінде танысқан болсам, онан кейінгі қадамдарының куәгері болып келемін. Ендігі жерде маңдай термен, ерен еңбекпен құрылған жобаның биіктерден көрінуіне үлес қоссам деген үлкен мақсатым бар. Болашақта дайындаған материалдарым бір ғана адамға пайдасы тисе де, мен үшін үлкен қуаныш болмақ. Негізі, білетінімнен, білмейтінім, үйренгенімнен, үйренбегенім көп. Сондықтан, осыған дейін немесе осыдан кейін меннен кетіп жатқан ағаттықтар болса, бүгінгі жазбам арқылы кешірім сұрағым келеді...

 

Тәй-тәй басып, тұсауын кескелі отырған сәби Массагетке бұдан кейінгі қадамдарыңды қарыштап баса бер дегім келеді. Массагет! Оқырмандарың да, оқырмандарыңа берерің де көп болсын!

 

Айгерім Сматуллаевадан

25
Рейтинг: +10

Жазылған уақыты: 12 желтоқсан 2012, 11:12
Тегтер: Мен және Массагет, Айгерім Сматуллаева

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.