Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бесік жырын білмейді екенмін....

Бесік жырын білмейді екенмін....

Бесік жырын білмейді екенмін....

Кеше таңертең көзімді ашсам, қар әбден жауып тастапты. Таңға жуық ұйықтағандықтан ба, мазам болмай төсегімнен әзер тұрдым. Менде де, Алматыда да көңіл-күй жоқ. Сүйікті ағайымның сабағы болғандықтан, амал жоқ баруға тура келді. Содан, кабинетке кіріп келсем, бөтен ағай отыр екен. Алғашында түсінбей қалдым. Фаризаның жанындағы бос орынға жайғасып, ноутымды аштым да, сабағыма дайындала бердім. Бәрі де абыр-сабыр, у-шу болып жайғаса алмай жатыр. Кенеттен ағай тамағын бір кенеп алды да:

- «Ал қыздар-жігіттер, бүгін ағайларынның қолы тимей, орнына мені жіберіп отыр, сондықтан, ағайдың үмітін ақтап, бүгінгі сабағымызды тату тәтті, сіз-біздігімізді жарастырып, әдемі етіп өткізуге тырысайық» - деді.

Бәріміз шу ете қалдық. Түні бойы бәрі де СӨЖ тапсыруға дайындалып келген. Енді қайттік? Ағай журнал бойынша атымызды атап түгелдеп шықты да, өзін таныстырды. Ал, әйтпесеее! Алдымызда отырған атақты ақын – Талапбек Тынысбекұлы екен (Біздің университеттің бірінші курс магистранты). Бәріміздің көзіміз банка! Бұрын тек өлеңдерін оқып жүруші едім, өмірде өте білімді, мәдениетті, дарынды, салиқалы кісі екен (үш сабағымыздың қалай өте шыққанын білмей де қалдық десем де болады).

Біраз сабақ айтып болған соң, ағай группадағы жігіттерден өлең сұрады. Өзі де кереметтей толғауларын оқып берді. Біз қол шапалақтаумен отырдық. Сабақ соңына қарай, бәріміз шулап Бекзаттан тағыда өлең сұрадық. Оның әдемі жырларын үнсіз ғана тыңдап отырған ағай қатты бір күрсінді де:

- "Әй, балалар, бұл өзі өлең деген сұмдық құдіретті қазына ғой! Біздің ата-бабаларымыз сіз бен бізге екі ғана мұра қалдырды, ол – Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кең байтақ дала мен қара өлең... Алайда, сол қара өлеңімізге басқа-басқа емес, өзіміздің қарагөз аруларымыз қиянат жасап алды. Бүгінде қаншама жылдан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрімізді бұзылған. Қыздарымыз бесік жырын білмейді. Ал бесік жырын тыңдамай өскен ұрпақтан не қайыр, не жақсылық күтеміз..."

Ары қарай тыңдауға дәтім шыдамады. Кірерге тесік таппай, терезедегі үздіксіз жауып жатқан ақ ұлпа қарларға қарап отырып, терең ой құшағына еніп кеттім... Сабақ біткен соң, жатақханаға бардым да бесік жырын жаттауға кірістім...

Рейтинг: -2

Жазылған уақыты: 21 қараша 2012, 15:29
Тегтер: бесік жыры, қара өлең, сабақтағы оқиға
Пікірлер
+0
21 қараша 2012, 15:47

күштісің ғой жаттап жүрген, менде білмеймін... :oops:

+0
22 қараша 2012, 10:19

Енді Мейрамбек орындайтын "Бесік жырын" жаттап алғым келіп жүр ;)

+0
21 қараша 2012, 16:48

Бесік жыры тұрмақ, бесікті де білмейтіндер бар ғой. :(

+0
21 қараша 2012, 17:00

Данияр балам қайдекен?
*** тауда жүр екен..
Тауда неғып жүр екен?
*** *** ****
Шілия қамыт мойнында,
Екі қыз оның қойнында,-деп келетін апамның маған айтатын бесік жыры. Мойындаймын, соңғы шумағы әсіресе ұнайтын..

+0
21 қараша 2012, 20:24

Алмас кайда жур екен
Биик тауда жур екен
Тауда не истеп жур екен?
Алма терип жур екен
Колында кызыл алма
Кыздар онын сонында 8-)

+0
21 қараша 2012, 18:14

Бесік жырын балаң болғанда жаттау керек шығар. Қазір жаттағанмен ұмытып қаласың.

+0
22 қараша 2012, 10:17

ол кезде миын ашып кететін сияқты ғой))

+0
21 қараша 2012, 18:20

бір жәй айтылатын өлеңнің қайырмасын жаттап алып қайталай бересіңғо)))

+0
21 қараша 2012, 20:52

баяғыда,мектепте жаттағанымыз бар едіғо,сол есімде екен. Бір шумақ. мен соны айтып жүремін,бала(інілерімді) баққан уақытымда. Әлди,әлди,ақ бөпем,Ақ бесікте жат бөпем,Жілік шағып берейін, Байқұттанның құйрығын,Жіпке тағып берейін. ........... Ар жағы кете береді,басқа өлеңдермен. Роза апамыздың өлеңі бар: "Айналайын баладан,Тауып алған даладан,Далада бала жатама"деген. Сосын Ескендір ағамыздың "Айым болып тудыңба" ДЕГЕН ӨЛЕҢІ БАР. Міне осындай сәбилерге арналғанын айтып жүрем.

+0
22 қараша 2012, 10:15

Менің де мектепте жаттағандарым әлсін-әлсін есімде қалыпты)

+0
22 қараша 2012, 11:45

ой, мен баламды эстрадамен ұйықтатын шығармын)))) Құдай қаласа, өзім бесік жырын шығарып джыыыынды ғып айтып ұйықтатам оны :)

+0
22 қараша 2012, 14:12

Әлди, әлди ақ-айым, Жаялығын жаяйын деп кете береді. Мына жазбаңды оқып, есімде қалған жырларды айтып шықтым. Біразын біледі екенмін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.