Қазіргі жасөспірімдердің психологиясы қандай?
жеке
блог

Қазіргі жасөспірімдердің психологиясы қандай?

Стресс – бұл психологиялық күйзелістің түрі. Адамда қандай да бір проблема, қиыншылықтардың немесе жанындағы адамдардың әсерінен стресске түсуі мүмкін. Стресске көп түсетін жандар – жас жеткіншектер.

Неліктен жастардың арасында стресс елеулі орын алады? Ең алдымен, үйіндегі ата-аналарының балаға қатты салмақ түсіруінен, ауыр сөз сөйлеуінен немесе балаға мүлде уақыт бөлмеуінентуындайды. Ата-ананың сөзі балаға қатты әсер етеді. «Пәленшенің баласын қарашы, сабағын жақсы оқиды, бауырмал, ата-анасына көмектеседі», «неге бүгін 3 алдың? Ешқайда шықпайсың, тек сабақ оқисың» деген түрлі сөздер баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бірінші, ата-аналарына деген сенімділігі азаяды, сол үшін де бала өзінің анасымен ашық сөйлесе алмай, бәрін жасырып жүреді. Екіншіден, жанындағы адамдармен өзі ылғи салыстырып жүретін болады. Бұның бәрі де жасөспірімге қатты тиеді.

Егер балаға анасының немесе әкесінің махаббаты жетіспесе бала өзін өзгертуі мүмкін. Ата-анасының назарын ала алмаған бала үйден қашу, тамырын кесу немесе жабылып қалуы мүмкін. Олардың назарына ілігуі үшін қисынсыз іс-әрекеттерге барады. Бұндай жайттар да жақсы нәтижеге апармайды.

Бала да өтпелі жас жүріп жатырған сәтте жанындағы достары, қоршаған ортасы да өз кесірін тигізеді. Баланы кекету, оны мазақ қылу секілді іс-әрекеттер мен сөздер жасөспірімнің өзіне «комплекс» ретінде қабылдайды. Осылайша, бала өзінің санасын улап қана қоймай, өзінің сенімділігін жоғалтады. Жанындағы достарына қызығып қарайтын болады. Баланың тұйықталуына алып келеді.

Жалпы ұзақ мерзімді стресстің аяғы не болады? Әрине, жастардың суицид жасауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, 2021 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі ер баланың өз-өзіне қол жұмсауы. Оқушы мен кураторының арасындағы әңгіменің соңы осындай жағдайға ұласты. Сол себепті де, мейілінше, жасөспірімдерді стресстің түбіне түсірмеу керек.

Стресстің алдын алу шаралары:

1. Барлығынан бір сәтке бас тартып, демалу.
2. Режимді дұрыстау, дұрыс тамақтану.
3. Өзінің ұнайтын, ойын бөлетін хоббиларымен айналысу.
4. Ішіндегі болған жайтты ашық айта білу, сырласу.
Қорытындылай келе, жас жеткіншектердің психологиясына аса қатты мән беруіміз қажет. Психология бей жәй қарай салатын дүние емес. Ертеңгі күні бала ер жеткенде «детская травма» болып қалады және оны жою өте қиынға соғады. Сондықтан, ертеңгі жастарымыздың білімді, саналы ұрпақ болуын қамтамасыз етейік.