жеке
блог

Естен кетпес сол бір күн...

 

Қыс кезі еді... Шатаспасам, осыдан төрт жыл бұрын ғой деймін. Әпкем екеуміздің бөлмеміз бір болатын. Төсегіміз бір демесеңіз, одан басқа ортақ нәрсеміз жоқ. Оның ермегі - түннің бір уақытына дейін теледидар қарау, меніңкі-кітапқа телміру. Сол әдетімізбен, сабақтарымызды оқып болып, басымызға жастық жастандық. "Сүйіктімді" құшақтап жатып ұйықтап кетіппін. Бір уақытта көзімді жайлап ашсам, мамам келіп тұр екен, дым естімеймін, бірнәрселер айтып жатыр, айтып жатыр. Даусын көтеріп-көтеріп қойғандығына қарағанда, "ұйықтап қалдыңдар, тұрыңдар" деп тұр-ау... Қытымыр қыстың қақаған аязында таңертең тұру деген біз үшін азаптың азабы еді ғой)))) Папам бір келіп, мамам бір келіп зорға оятып алатын. Мамам әдетінше оятуға келіп тұр екен деп, әпкемді түртіп ояттым. Екеуміздің жанымыз қиналып, бетіміз тыржиып тұрдық. Мен әдетімше барып, шәй қойып келдім. Беті-қолымызды жуып, мектеп киіммізді киіп, бірдемелер жегендей болып, өтірік-өтірік шәйімізді ішіп алдық. Ылғи 8 жарымда теледидарды жаңалық біткенде үйден шығатынбыз. Қарасақ, бітіп жатыр жаңалық.Қой, деп етігімізді киіп жатсақ, мамам бөлмесінен жүгіріп шығыпты.

- Қайды шықтыңдар екеуін?

Мен:

- Сабаққа да!(ашуланып)

- Естерің дұрыспа екеуіңнің, сағат қарамайсыңдар ма, жеті қат түнде бұларың не?

Екеуміз аң-таңбыз. Ол кезде ұялы телефонымыз жоқ, барып сағатқа қарасақ, бір жарым...Ой, тоба-ай! Түнгі бір жарым. 1:15 те болатын жаңалық бітіп жатыр екен сөйтсек. Ал, мамам әпкем теледидарды өшірмей ұйықтап қалған соң, пультті таппай, "өшіріңдер мынаны" деп айтып кетіпті. 

Қазір ойлаймын, сол кезде түнгі 2де сабаққа барып алсақ не болар еді? Оны қойшы, қыс кезде ит құстар көп болатын ауылда...Түнде жортып жүретін иттерді айтсаңызшы. Сол кезде Әпкем бір апта теледидар көрмейсің деген жаза алды. 

Қазір сол бір естен кетпес қызық түнді күліп қана еске аламыз.

Әр адамның өмірі айтылмаған жыр,  шертілмеген сыр, жазылмаған кітап деп жатады. Әрбір күніміз - кітаптың бір беті десек, сол беттеріміз қашанда қызықтарға толы болсын!!!! Кезексөз таяқшасын Әбілхан Ақеркеге беремін!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі