Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Құйрықты жұлдыздай жарқ етті де...

Құйрықты жұлдыздай жарқ етті де...

Құйрықты жұлдыздай жарқ етті де...

Алдыңыздағы суреттегі жарқын жүзді бозбаланы таныдыңыз ғой!? Әрине! Танымасаңыз, өзімнің кешірілмес ағаттығым деп біліңіз.

Бекзат Саттарханов... Менің балалық шағымның қаһарманы. Жо-жоқ! Бұл теңеу бекзада Бекзат үшін тым қарапайым болатын секілді. Бекзатты - қазақ спортының аңыз адамы, Олимпиада чемпионы, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен алаштың батыры дегеніміз жөн болар. Келісесіз бе?

Неге екенін білмеймін, қазақ жұртын толағай табысқа кенелтіп жатқан Лондон Олимпиадасының ойындарын тамашалап отырып, әр спортшымыз алтыннан алқа тағынып, туымыз көкке көтерілетін сәтте есіме Бекзат түседі де тұрады. Осыдан он екі жыл бұрынғы Олимпиадада алтын алған баһадүр Бекзаттың көк туды иығына жамылып, күлімдеп тұрған бейнесі көз алдыма келеді. Бекзат чемпион болған жылдары ес жимаған әлі тым кішкентай қыз едім. Десе де, теледидар алдында әпкем екеуміздің телміріп отырып Бекзат туралы хабарларды көретініміз есімде қалыпты...(бүгін интернетті ақтарып отырып, сол суреттерді тауып алдым)

Биыл міне арда ұлымыздың арамыздан кеткеніне он екі жылдың жүзі болыпты. Тірі болса отыз екі жасқа келеді екен-ау! Көзімізден кетсе де көңілімізден кетпеген чемпионның есімі былғары қолғапты серік етіп жүрген әрбір қара домалақтардың жүректерінде екендігіне сенімідімін. Бекзаттың өзі өлгенімен, ісі өлген жоқ. Қаншама қазақтың ұлдары Бекзатқа қарап бой түзеді, жүректеріне үміт оты жағылды, әлем алдында көк туымыды желбіретсем деген қиялдарға қанат қақты. Әрбір жеткіншек оның ісін үлгі тұтып, «Бекзат ағамдай чемпион боламын» деген армандармен ержетті. Оның жеңісі талай-талай жеңістерге жол ашты. Бүгін біздер үміт артып отырған  Біржан, Серік сынды боксерларымыз да Бекзат ағаларының салған сара жолымен жүріп келеді дей аламыз.

«Мен әлі үш дүркін олимпиада чемпионы боламын», -дейді екен көзі тірісінде. Чемпионның бұл сөздері орындалмаған арман болып қала берді. Кім білсін, ортамызда болғанда, оы олимпиада да алашына тағы бір алтынды сыйлар ма еді!? Бекзаттың асқақ арманының жүзеге асуын кеше ғана екі дүркін Олимпиада чемпионы болған Ильямыздың маңдайын жазсын деп тілейік!

Бүгін сіз болып, біз болып, Массагет ауылында Ордалы Оңтүстіктегі қасиетті Түркістанның тумасы Бекзат Сейілханұлын еске ала отырайық!  Бекзат туралы қандай естеліктер білесіз, ортаға салыңыз!

4177 25
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 08 тамыз 2012, 13:07
Тегтер: Бекзат Саттарханов
Пікірлер
+0
08 тамыз 2012, 12:41

Мен де соңғы кезде Бекзат туралы тура осылай ойлап жүр едім...

+0
08 тамыз 2012, 12:54

Құдайдың ісіне дау айтуға болмайтынын білсем де, әттең қазір тірі болғанда ғой дей беретін болыппын(((((

+0
08 тамыз 2012, 12:55

осыдан біраз күн бұрын менде есіме алып едім. Жатқан жері жайлы болсын!

+0
08 тамыз 2012, 13:03

Қайран Бекзат! Жатқан жерің жайлы болсын.

+0
08 тамыз 2012, 13:05

Сіздер Бекзат чемпион болған жылдары естияр жаста болған жандарсыздарғой, білетін естеліктеріңіз, мәліметтеріңіз болса, бөлісіп отырыңыздар

+0
08 тамыз 2012, 13:08

Ес жиып, Олипиаданың не екенін білген кезіміз шығар. Теледидардың алдында бәріміз телміріп, оның жеңу сәтін тамашаладық. Қателеспесем, Олимпиаданың соңғы күні болатын. Кешкісін жабылу салтанаты. Өзі сондай ап-арық, шаршап, туды теріс айналдырып, жүгіргені есімде. Қазақстанның үшінші алтынына сондай мәз болып, керемет күй кешкен едік. Кейін қыста оның жол апатынан қайтыс болғанын біліп, жаман болдық қой. :(

+0
08 тамыз 2012, 13:10

чемпион болған соң,неше уақыттан кейін қайтыс болған сонда?

+0
08 тамыз 2012, 13:15

2000 жазда жеңіске қол жеткізді 2000 31 желтоқсан сағат 23:50-лерде қайтыс болды

+0
08 тамыз 2012, 13:19

Мәссаған тура он минут қалғанда :o

+0
08 тамыз 2012, 13:21

бокс сайысы болатын кезде қазір рингке Бекзат ағамыз шыға келетіндей ой тұрады. Біздің қоржынға алтын салады тағыда деп ойлайм. ееееееехххххххххххх. Мәңгі есте қалар бір сәттік қуаныш,бақыт,жарқын жүз!

+0
08 тамыз 2012, 13:21

Есімде, Бекзат құрметіне арналған концерт болған, жүргізушісі Күнсұлу Шаяхметова, сонда Күнсұлу, Бекзатқа арнап бір журналға хат жазған қыздың хатын оқыған еді, өте әсерлі екені есімде, бірақ сол видеоны таппай қойдым, концертті көрсеткен телеарнада есімде жоқ, өзінің ашық мінезімен, қарапайымдылығымен, жастығымен, балалығымен елге тез танылып, әр бір жүректен орын тапты ғой, қайғыны естігенде барша қазақ не сенерін, не сенбесін білмеді, өте ауыр қаза болды

+0
08 тамыз 2012, 14:45

иәәә,сондай қарапайым көрінеді

+0
08 тамыз 2012, 13:24

әлдау-әлдау, Серік пен Біржанға Бекзаттың жеңісін берсін

+0
08 тамыз 2012, 15:17

Бекзат - сөзсіз қаһарман, артына өшпес мұра қалдырып кетті. Бекзат жеңіске жеткеннен кейінгі жылдарда кішкентай қазақ балалары Бекзат ағасына еліктеп, Бекзатқа ұқсасам екен деп боксқа деген қызығушылық тарыкүрт жоғарылады.

+0
08 тамыз 2012, 16:47

Жатқан жері жайлы болсын! Саттарханов ел есінде мәңгі қалатын тегеурінді тұлға деп білемін!

+0
08 тамыз 2012, 17:26

6-ақ жаста едім...Олимпиададағы алтын, күмістің бағасын білмесем де, сол кезде үйдегілердің қатты қуанғанын білемін :cry: Түркістанда осыдан 2 жыл бұрынБекзат ағаның жатқан жерінен бірдеңелер ұрланыпты деп шу шығып еді ғой. :evil:

+0
09 тамыз 2012, 10:16

мен де осы туралы сыбыс естіп едім, анығыеһн білмеймін! Кім болса да, аруақты сыйламайтындар да

+0
08 тамыз 2012, 17:34

оныншы класта оқып жүрген кезіміз-ау деймін. Қайтыс болғанда шығарған өлеңсымағым үйде әлі жатыр еді...

+0
09 тамыз 2012, 10:17

өлең шығарғаныңызға қарағанда Бекзатты қатты құрметтеген болдыңыз ғой...

+0
08 тамыз 2012, 22:47

Оны есіме алған сайын рухтанып, жігерлене түсемін.

+0
09 тамыз 2012, 00:14

иа, оның өмірден өткені барлық қазақстандықтар үшін қиын болды.. одан көп үміт күтіп едік.. Менің жерлесім ғой..

+0
09 тамыз 2012, 02:00

Ол кезде мектебімізде әр дүйсенбі "линейка" болатын, Бір класс арнайы жаңалықтар дайындап келіп, жиналған оқушыларға оқитын. Әйтеуір Сидней олимпиадасындағы чемпиондарымызды атағанда, "а" класымыздың сынып жетекшісі Бибайша Бижановна "Біздің Алматтың ағасы Бекзат" деген, ол рас. Алмат өте ұқсайды Бекзатқа. Әлі кетпейді сол кездер есімнен.

+0
09 тамыз 2012, 18:02

Жазғы олимпиада, бокс туралы естісем Бекзат есіме түседі. Алғаш олимпиаданың мән-маңызын да Бекзаттың алған алтынынан ұғынған сияқтымын.

+0
10 тамыз 2012, 12:00

Қазақ боксы мен Бекзат есімі егіз ұғым десе де болады

+0
10 тамыз 2012, 16:42

Рухы мәңгі жаңғырып келеді :!:
Қазіргі көзі тірі саңлақтарымызға деген қадіріміз арта берсін :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев