жеке
блог

Пендеміз ғой!

Кім білер бірінші кімнің сөнерін,

Кім білер кімге бұлттың төнерін.

Не қылсаңда тағдыр ісі жазылған

Білсін ол Алла ісіне көнерін.

 

Кім білер мұратқа кімнің жетерін,

Кім білер Алланың бізге не етерін.

Сұм ажалда Алланың бір айласы,

Білгін Алла құдыретті екенін.

 

Тірісінде қадір болмас ешкімде,

Тату болғай өтіп кетер бес күнде.

Мәңгі өмір жазылмаған ешкімге,

Шүкір еткін тыныш-жайлы әр күнге.

 

Арамдықпен алға баспас істерің,

Азулы сенің болса-дағы тістерің.

Тек Алладан тілегін барлығында,

Сонда ғана болмас істе қате-мін.

 

Адамдармыз ешкімді де аямайтын,

Мүсәпірге құшақты да жаймайтын.

Қара басқа қиындық туған кезде

Мешіттің маңын жан-жағын саялайтын.

 

Бой үйреніп алғандай сол бір іске,

Білмейміз-ау қателікті күндегі.

Бойға тартып жұпар иісті гүлдегі,

Ұмытамыз болған істі түндегі.

 

Пендеміз ғой-жалынатын жабығатын,

Пендеміз ғой-сағынатын сарылатын.

Пендеміз ғой-болмас істі сөз қылып,

Пендеміз ғой-барлығынан жалығатын.

 

Пендеміз деп барлығынан сытылып,

Кетеміз ғой кейде қатты құтырып.

Пендешілік болады деп әр кімде,

Кетеміз ғой жылы жауып құтылып.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда