Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сәбижүрек сайтан суды жек көреді

Сәбижүрек сайтан суды жек көреді

Сәбижүрек сайтан суды жек көреді

Кеш құрым туыс тәтемнің хал-жағдайын білмек болып, жұмысына барғанмын. Ол  дәріханада жұмыс істейді. Көріспегелі біршама уақыт болған соң, сағынысып қалыппыз. Өткен-кеткенді , ананы-мынаны айтып, жанында біраз отырып қалдым. Солай отырғанымызда  жұпыны көйлек киген 5-6 жас шамасындағы кішкентай қыз кіріп келді.

- Тәтееее, сәлеметсізбе?, - деді ол нәзік қана даусымен. Тәтем оған бұрылып:

- Сәлееем, балақай, саған да дәрі керек пе?

  Ол көзінің астымен қарап, үнсіз ғана басын шайқады.

  - Тәтеее, менің папама арақ бермеңізші...Мамам да солай дейд. Ол мас болса бізді, біздің бәрімізді  ұрады. Сосын біз қашамыз. Үйден қуады бізді. Оған енді спит берменизши...

   Тәтем екеуміз бір-бірімізге қарадық. Ол үндемеді. Менің  бірнәрсе дегім келді. Бірақ состиып тұрдым да қалдым. Бейне бір  тілімді біреу байлап тастағандай.

Қыз осыны айтты да жүгіріп шығып кетті. Жылап бара жатқандай көрінді. Осыдан кейін тәтеммен сөйлескім де келмеді. Қоштастым да шығып кеттім.

Көше бойымен келе жатырмын. Ойым сан-сақта. Бесіктен белі шықпаған сәбидің өмірің осындай ащы дәмін татып жүргендігі қандай аянышты әрі өкінішті.  Амалы қалмаған соң осында өзі келді ме, әлде анасы жіберді ма екен? Не болса да кішкентай балақанның батылдығы мені таңқалдырды.Әлемде қаншама сәби осы бір сайтан судың кесірінен бақытсыз балалық шақтың куәгері болып жатыр екен?!...

1321 13
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 29 маусым 2012, 15:53
Тегтер: дәріханадағы оқиға, сәби, арақ
Пікірлер
+0
29 маусым 2012, 16:05

Сәби-байқұстың қолынан өтініштен басқа не келеді? Іштегі арманы орындалса игі

+0
30 маусым 2012, 01:45

Адамдарға біреудің тағдыры емес,қара бастарының қамы, ақша табуы маңыздырақ қой :(

+0
29 маусым 2012, 16:11

дәріханада ОЛ сатыла ма?

+0
29 маусым 2012, 21:11

дәріханада этиль спирті сатылады

+0
30 маусым 2012, 01:43

кейін тәтемнен сұрасам, бастықтарымен келісіп қойған екен, қарызға спирт беріп тұратын көрінеді

+0
29 маусым 2012, 16:27

ішкен жақсы, ішпеген одан да жақсы

+0
30 маусым 2012, 01:49

Ішкен жақсы емес!

+0
29 маусым 2012, 17:05

((((

+0
29 маусым 2012, 21:43

Арақтан әрбір отбасыда немесе әулетте проблема бар. Солай бола тұра арақсыз тойды "ұят" деп санаудан әлі арыла алмай келеміз(((

+0
30 маусым 2012, 01:48

Ауру қалса да әдет қалмайды деген осыдан шыққан сияқты...

+0
29 маусым 2012, 22:05

көздің астымен қарайтындарды көргім кеп жүр

+0
30 маусым 2012, 01:47

қарап берейін бе? :?

+0
30 маусым 2012, 14:33

Ұлы жазушы болу үшін талант, білім және бақытсыз балалық шақ керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев