Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қағаздар мені шаршатты

Қағаздар мені шаршатты

Қағаздар мені шаршатты

Соңғы кездері бірнеше рет сырқаттанып қалып, жедел жәрдем, дәрі-дәрмек деген дөкейлермен дос болып кеткендеймін. Бір қарағанда жеңіл-желпі болып көрінетін аурулар өз басыма көрінгенде жанымды шүберекке түйіп, әжептеуір қиналып қалдым. Аурудың жақсысы да, оңайы да жоқ екен-ау! Құдай ешкімге сырқат бермесін!

Негізі айтпағым бұл емес еді...Айтпағым ХХI ғасырды жайлаған қағазбастылық жайлы еді...Сіздің сырқатыңызбен қағаздың не қатысы бар дейсіз ғой?!

Менің дертіме араша болар деп шақырған жедел жәрдеміміздің қызметкерлеріне ауруымды түсіндіріп бітемін дегенше жүйкем жүндей түтілді. Жаныммен қайғы болып отырғанда қайдағы жоқ сұрақтарды қойып, қағаздарын толтырып отырып алды. Оның үстіне не орысша, не қазақша сөйлей алмайтын немесе қазақша түсінбейтін қызметкерлердің мінездері түйден түскендей шетінен дөрекі. Қай жеріңнің, қайтіп ауырғанын ұмытып та қалады екенсің...


Содан не керек,олардан келер көмек болмаған соң аурухана қабырғасына да бардым. Құдай-ау! Онда да бітпейтін қағаз! Алдында екі рет қайталап айтқанымды тағы да жазып алды. Сонымен біткендей болып көрініп еді, келесі кабинетте тағы да сол, сол баяғы  қағаз... Жаттап алғаным соншалықты сұрақтарын қоймай-ақ жауап беріп отырмын. Менің ауруымды ойлап жатқан ешкім жоқ сияқты! Жылап жібердім!

- Мен шыдай алар емеспін! Өтініш бірнәрсе жасаңыздаршы! Мынаны сосын толтырармыз,- дедім шыдай  алмай кеткен соң.

Дәрігер міз бақпастан:

-       Дорогая моя, судың да сұрауы бар, біздің әрбір сөзіміз, әрбір қимылымыз қағазға түсіп отыру керек , -деді.

     Үнім өшті де қалды. Сол сәтте : «Мені мазалаған сырқат аса ауыр емес қой, ал өлім аузында жатқан адамдар сол қағаздарды толтырамын дегенше бақилық болып кетсе ше?» деп ойлап кеттім...


       Денсаулық саласы ғана емес, қазіргі таңда кез келген мекемеде, кез келген ортада, кез келген салада қағазбастылықтың үстемдік етіп тұрған шағы. Бір істі бітірем десең, он қағаз керек. Ал бір қағазыңды дайындау үшін бір күнің, тіпті бір аптаң кетіп жатады. Сол қағаздың жұмыстарын бітіремін деп әрекет жасаудың арты пара беруге апарып соқтырады. Қағаз туралауға ебі жоқ адамдар қолдарын бір сілтеп кете барады, артынан заң алдында жауап беріп жатады. Айта берсең, кесірлі тұстары өте көп.

   Сіздер қалай ойлайсыздар, массагеттіктер! Жалпы қағазбастылық деген керек нәрсе ме? Әлде мәселені басқалай шешуге бола ма?

13
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 26 маусым 2012, 12:49
Тегтер: қағазбастылық, аурухана, жедел жәрдем

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.