Қазақстан мойындамаған жұлдыздарды әлем мойындап жатыр

Қазақстан мойындамаған жұлдыздарды әлем мойындап жатыр
жеке
блог

Қазақ халқының мәдениеті тамыры тереңде жатқан, көшпелі дала заңымен келген, өзіндік табиғаты, ерекшелігі бар құбылыс. Оның ішінде ұлттық өнер, дәстүрлі әндердегі қоңырқай үн, қос ішектің күйі жатыр.

Халықтың талғамы биік, өнерді бағалайтын өнердегі аға-әпкелерміз бар. Олардың ауызы дуалы деп қараймыз. Себебі сол саланың адамдары сөйлемегенде басқа кім сөйлеу керек еді. Ал ең қызығы біз менсінбей, біз шетке сырып қойған азаматтар әлемді аузына қаратып қойды. Сонда әлемнің мәдениетке деген көзқарасы төмен бе әлде Қазақстандағы мәдениеттің тым жоғары деңгейде бағаланатыны ма?

Ғалымжан Молданазар       

Бұл есімді қазір жақсы танимыз. «Ақ пен қара», «Өзім ғана» әндері құлақтың түбіне келіп, ойнақ салады. Кез келген туынды автордың өзімен бірге өмір сүреді. Сол секілді әндерінің аты аталса елең ете қалатын біздер Ғалымжан Молданазар есімін кеше ғана таныдық. Оған дейін ше?

Оған дейін оның сахнаға шығуға мүмкіндігі болды, тек біз қабылдай алмадық. Біз оның жаңаша бағыттағы жанрын танымдақ. Ал танымаған дүниеге біздің халық «өнер емес» деп қол сілтей салады. Сауаты бар өнер адамдары да қабылдай алмаған соң, АҚШ-қа кеткен Ғалымжан есімін сол жақта тани бастады. Ағылшын, орыс емес, қазақ тілінде ән салды. Әнінің жанры синти-поп, фанк және инди-рок дегендерге келеді.

Қазір әнші – елде. Өнерін жалғастырып, бірнеше клип түсіріп үлгерді.

Скриптонит

Бұл адамның шын есімі – Әділ Оралбекұлы. ТМД елдері мен Ресейге танымал Скриптонит – Қазақстанның тумасы. Оның бар кінәсі рэпке жақын болғаны үшін. Ал қазақ даласында рэп пен жыраулар дәстүрін байланыстырады. Бірақ қабылдай алмайды. Ақыры өзге елден абырой тапқан, өзінің өнерін бағалайтын жерге кеткен Скриптонитті әлем мойындай бастады. Біз ше, біз мойындамақ түгілі оны қабылдай алмадық. Ал қазір еліміздегі мектеп оқушыларынан бастап, студент жастардың смартфонындағы ән жинақтарда міндетті түрде оның «Витамин» туындысы бар.

Өзіндік ерекшелік, жаңа үлгідегі әншінің дауысы баритон. Сол талантын рэптің бір жанрна арнап, өзгеріс алып келе алды. Қызығы өз елімзде жұлдыз бола алмаған адамды елге гонорарға шақырамыз, тыңдаймыз.

Димаш Құдайберген

«Димаши» деп жер бетіндегі 2 миллиард халқы бар Қытай атап кеткен Димаш Құдай бергеннің бағын ашқан біз емес. Өкінішті. Қоңыр әуенге әуес халық үшін шыңғырып ән салу, операға тән көзқараспен қарау қиындау. Себебі опера дегеннің өзі Еуропаның стилі. Ал өнер ұлтқа бөлінбейді. Бір қазақ баласының ішіне дарын болып біткен екен, онда тұрған ештеңе жоқ еді. Бірақ біз «шыңғырып ештеңе таппайсың негізі» деп сахна сыртына шығарып салған Димашты Азияны қойып енді Еуропа, АҚШ таниды. Құрметті қонақ.

"Ақсақ қой түстен кейін маңырайды" демекші, бардың қадірін кейін түсінеміз. Алдымен әлемді мойындатып келсін, сосын біз мойындаймыз. Не деген түсінік?!

Тіпті мойындаудың соңы Қытайда өткен «I am singer» жобасының көшірме түрін біздің елде де өткізуге жеткізді. Оны Қайрат Түнтеков жеңіп алғанын білесіздер.

Мәдибек Мұсабеков пен Бекзат Мырзахметов

Мәдениетаралық байланыс алыс-жақын елмен араласып, танысқан кезде өседі, өркендейді. Біз бір хаустың ішінде жатып бәріне баға бергенді жақсы көреміз. Сол беріп жүрген бағамыздың сәтсіздігі, таланттарды іздегенде таппай қаламыз не олар кетіп тынады.

Мәдибек пен Бекзат есімді қос бірдей азамат комикс жанрының майталмандары. Өзгенің емес «қазақ комикс» стилін қалыптастыруға барын салып жүргендер.

Қазақ ертегілерін қағазға түсіріп, комикс ретінде сөйлете білген олардың өнерін қазақтың танымы тағы да танымады. Тіпті көз салған жоқ. Ақыры АҚШ оларға мүмкіндік беруші елге айналды. Білесіз бе, өзінің мәдениетін жаңа бағытта жандандырып өзінің еліне ұсынғанда қол ұшын бермеген қос азаматтың қазақ батырлары туралы комикстері мұхиттың ар жағында «хит» болып жатыр. Тіпті нарығына еніп үлгерді.

Жіпке тізіп түгендесек қанша қазақтың баласы өзге елде жұлдыз болып жүрген де болар. Тек іште сұрақ туады: «Қазақстандағы мәдениеттің оларды қабылдай алмауына не себеп?»

Бір орында отырып классикалық шығарма оқу, өткеннің еншісінде қалған «қалың мал» шығармасын талдап, қос ішектің үніне елітіп отыра беруге болмайды. Өсу керек, даму керек. Қайталанбас өнердің бағын ашу үшін жаңалық әкелу керек. Біз айтып өткен жұлдыздардың қанында қазақтықтың нәрі бар. Олар түбі қазаққа қызмет жасайтындар. Несімен? Әрине өнерімен.

Сынауға, сын айтуға асықпастан бұрын, сынның өзін түсінетін дәрежеге жету керекпіз. Өнер – адамнан бөлінбейтін бөлшек. Ұмытпаңыз!