Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Қазақша бейнебаян YouTube-ті "жарды"

Қазақша бейнебаян YouTube-ті "жарды"

Қазақша бейнебаян YouTube-ті

Фанк жанрына негізделген әндерді қазақша орындап жүрген Ғалымжан Молданазар орыс тілді интернет аумағында танымалдылыққа ие болып жатыр. Нәтижесінде Hit TV және ресейлік интернет-каналдар әншінің бейнеклипін тегін айналдыруға рұқсат алған.

Ғалымжан Молданазар әдеттегі сылқым бейнелерден тұратын клиптерден ерекшеленетін дүние жасап шығарғысы келген екен. Және бұл қолынан келген.

«Ақпен бірге» әніне 90-шы жылдар стиліндегі бейнеклипті ол бар-жоғы 30 мың теңгеге түсірген. Бейнеклип YouTube порталында үш аптаның ішінде 90 мың рет көрілген. Жастайынан Gorillaz, Coldplay, Daft Punk топтарын сүйіп тыңдаған ол брит-поп, синти-поп жанрына әуес болған. Өз стилінде ән мен мәтін жазуды кішкентай кезінен армандаған. Арманын Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының бірінші курсын тәмамдаған соң іске асырады. Үш жылға жуық Orda Brothers продюсерлік орталығының жобасы Айсаға ән жазады.

Әрі қарай дамуды ойлаған Ғалымжан бұл жобаны тастап, өз альбомын жазуға кіріседі. Осылайша әндерін өз бетінше айналдыруды қолға алады.

«Шығармашылық кикілжіңдерге байланысты продюсерлермен жұмыс жасау іске аспады. Олар той-бизнеске негізделген поп жанрындағы әндерді қалады, - дейді «хипстерджан» деген лақапқа ие болған Молданазар. – Мен музыканың барлық жанрына сыйластықпен қараймын, бірақ өз стилімде жазғым келеді».

Нәтижесінде жан бағуға тура келді. Түсте ол басқа әншілерге $300–400-ға (орташа нарықтық баға – $3–4 мың) әндер жазды, ал кешкісін өз альбомына кіретін тректермен жұмыс істеді. Бірақ қаржы тапшылығы да, продюсерлермен кикілжіңдер де әншіні табысқа жетемін деген сенімінен айыра алмады. Ендігі жоспары қазақ тілінде тұңғыш альбомын шығару және ресейлік, украиндық өнерпаздармен жұмыс жасап, халықаралық деңгейге көтерілу.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 10 қаңтар 2014, 18:58
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2014, 19:04

30 мың теңгеге түсірілген клип пе? Тамаша ғой мынауы!

+0
10 қаңтар 2014, 19:18

Меніңше клипке кілең тамыр-таныстары қатысқан.

+0
10 қаңтар 2014, 19:25

Ноталар қалай-қалай ойнайды, керемет орындау!

+0
10 қаңтар 2014, 20:39

Режиссері - Шапағат Орынбаев!

+0
11 қаңтар 2014, 05:43

Шапағат Орынбаев емес!

+0
10 қаңтар 2014, 21:00

Кілен жындыпәштердi түсiрiптi, былғарыдагы жiгiтке базар жоқ :mrgreen:

+0
11 қаңтар 2014, 00:06

бейнеге шымкенттің жайдарманшылары тускең жазда арыс жайдарман тобы осы әнмен сахнағ шыққан болатың :mrgreen: ;)

+0
11 қаңтар 2014, 18:22

Картопты жарды))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.