Бұрын көрмеген жанға арналған сағыныш хаттар...

Бұрын көрмеген жанға арналған сағыныш хаттар...
жеке
блог

Байқау аяқталғалы біраз күн өтті... Бірақ биылғы кемеңгерліктерідің арасындағы достық байланыс өшкен жоқ. Массагет байланыстырған достық ұшқыны от болып лаулап, сөнбесе екен, шіркін. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы арқылы өте керемет жанның шәкірттері болдық. Ол - Әсел Асанова болатын. Байқау аяқталғаннан кейін кемеңгерлік арулармен ойласып, бұрын көрмеген, бірақ үнемі ойымызда жүретін апайымызға хат жазуды ұйғардық және бұл біздің сағыныш хатымыз.

Сəлем, құрметті Əсел апай! Халіңіз қалай? Мен сізді сағындым. Əдебиеттегі алғашқы ұстазым сіз болғандықтан да сізді жақсы көремін. Маған қаншама дос, құрбы, оқырман сыйладыңыз. Көп нəрсе үйреттіңіз. Сіз болмағанда мен бүгін мүлде басқа болушы едім. Өзіңізбен жолығар күнді асыға күтіп жүрмін. Құдай қаласа екі жылдан соң жолығармыз! Шəкіртіңіз - Ақниет.

Мен сізбен мүлдем кездеспедім. Бірақ сол күнді күтіп жүрмін. Жоспарлап қойдым тіпті. Ютубтағы видеоны көріп сағыныш үдеп кетті. "Мама сенің күйеу балаң..." деген өлеңді оқыдыңыз ғой))) Апаай, қолыңыз тимей жүрген болар. Әйтеуір бәрі дұрыс қой иә? Өзіммен өзім сөйлесетін әдетім бар еді ғой. Дәл қазір сіз туралы сөйлесіп жатырмын. Суреттеріңізге қарап бойыңыздағы қазақ қызына тән қасиеттерді көремін. Жо-жоқ, бұл жағымпаздық емес, ондайға менің жаным қас. Тіпті, жасандылықта емес. Бұл - ұстазға деген махаббат. Бұл - сағыныш. Бұл - шәкірт көңілі. Бұл - сізге арнаған ең қысқа хатым. Кездескеннен кейін ең ұзағын жазатын боламын. Сол күнге жазсын. Кемеңгерліктермен бас қосатын күнге жеткізсін.                                                                                       Шәкіртіңіз - Әсел.

Әсел Асанова! Бұл хат сізге арналады! Байқау басталғалы сізбен жақсы араласып, ақыл-кеңесіңізді сұрап, кемшіліктердің орнын толтырып аламын. Әр сұрағымды жауапсыз қалдырмай, бар білгеніңізді айтып отырасыз. Біз сіздің тобыңызда болып, "Кемеңгерліктер" болып аталып, сізбен бірге мақсатымызға жеткенімізге қуаныштымыз, еш өкінбейміз. Келер жылы міндетті түрде сіздің тобыңызды жарты-ақ минутта толтырып тастаушы едік, әттең тобымызда мектеппен қоштасуға аз ғана уақыты қалған оқушылар көп-ақ. Мен сізді таңдағаныма еш өкінбеймін! Сізге тілерім: таусылмас бақыт, зор денсаулық және қуаныш. Әр оқырманыңыз сізге осылай хат жазып тұрсын!
Шәкіртіңіз -  Айсұлу.

Қалайсыз, екі айда әпкемдей жақын болып үлгерген Әсел апайым!
Сізге хат жазу себебім - ризашылығымның бейнесіндей. Төрт тәлімгердің ішінен сіздің есіміңізді таңдағаным, " Кемеңгерлік " атанғаным үшін ешқашан өкінбеспін. Алғашқы аптадан қолдау көрсетіп, көмектесіп, білмегендерімді үйреткеніңіз үшін мың алғыс та аз секілді.
Сізге рақметімді жеткізе отырып, алдағы өмір жолыңызға сәттілік тілемекпін!
Жарқын болашағыңыздағы әр қадамыңыз жетістік пен қуанышқа жетелеріне, таудай мақсаттарыңыздың орындалуына тілекші болатынымды ұмытпассыз!Бақытты болыңыыз!
Шәкіртіңіз - Арай!

Әсел Асанова мен үшін ең керемет апай. Үнемі бізге бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол көрсетті. "Кемеңгерлік" қыздарға қолдау көрсетіп, бізді ұйымшылдыққа шақырды. Ақыл-кеңес беріп отырды. Жұлдызым, қыздарым деп айтқаны өте қатты ұнайды. Осылай қолдау беріп отырған соң, мақсатқа жету үшін бар ерік жігеріммен алға ұмтыламын. Алдымыздағы мақсаттарымызға жету үшін жол көрсетіп отырған жетекшілерімізге алғысым шексіз. Әсіресе, Әсел апайыма.                                                                    Шәкіртіңіз - Жұлдыз.

"Өмірімде үлгі тұтарлық, қызығатын, өмірлік мəн түзететін 4 символды білдіретін, 4 əпкем (апам) бар" деуші едім.
1 -ші символ. Туған əпкем - Замира. Ол - оқу-білімнің символы, оқуға көңілін көп бөлген жан.
2 -ші символ. Екінші туған əпкем - Багила. Ол - байлықтың символы, оқуға қараған да, ақша табуға көп көңіл бөледі)
3 -ші символ. Құрбымдай болып кеткен, бірақ жасы менен үлкен болғандықтан "əпкем" деп санайтын- Жадыра. Ол - махаббат символы. Адал жан. Оның ерекше ұстамдылығы махаббатын мəңгі сақтайды деп сенемін.
4 -ші символ. Тəлімгерім, байқау барысында танысқан - Əсел апайым. Ол - бақыттың символы. Қолында барына қанағат ете біледі. Қанағат ету - нағыз бақыт. Жазар ойым Əсел апайға. Апай сіз керемет жансыз. Маған Қазақстанның бұрыш-бұрышынан ғажап жандарды жинап бердіңіз. Бақытты болыңыз, әрдайым күліп жүріңіз, байқау аяқталса да бізді ұмытпаңыз. Біз сізді қатты жақсы көреміз...                                                     Шәкіртіңіз - Айдана.

Сізбен жүздесер күнді асыға күтудеміз...