Мама, сенің күйеу балаң...

Мама, сенің күйеу балаң...
жеке
блог

Сәлем, достар. Біздің МАССАГЕТтік блогер қыздар көз қуантарлық жақсы бастама қолға алған екен. Қазақ поэзиясын көпшілікке кеңінен танытып, абыройын асқақтата түсу мақсатында Құлпынай Жасарал «Өлең оқиықшы» деп эстафета бастап, үндеу тастаған еді. Эстафета таяқшасы Сымбат Санатқызы арқылы, Дина Әбідғалиевадан маған жетті.

Режиссеріміз Ернар Алмабекке айтып, көп күттірмей кезекті бейнежазбаны түсіруді жөн көрдім. Ақтоты Жапатова көмектесіп, суық күнде жұқа жейдемен далада біраз күліп, біраз тоңып, түсірдік-ау..)) Келген соң монтажынан бүге-шүгесіне дейін дайын етіп берген Ернар Алмабекке мың алғыс.

Өлең авторы – МАССАГЕТте бұрын белсенді блог жазған Мақпал Төребек

Кезексөзді Нұрғазы Нұрболат пен Бауыржан Жақсымбетке беремін. Кімнің, қандай өлеңін таңдасаңыз да өзіңіз білесіз, "тек мағыналы өлең болса болғаны".