Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Байқау жеңімпаздары кімдер?

Байқау жеңімпаздары кімдер?

Байқау жеңімпаздары кімдер?

Маусым айынан бастау алған "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы өз мәресіне жетті. Байқау арқылы танысып, жақсы дос болып, ойларыңызбен бөлісіп жүрген жас өрендер, қанаттарың талмасын.
Осы уақытқа дейінгі қорытынды ұпайлар бойынша Әсел Асанова жетекшілік ететін кемеңгер қыздардың тобы жеңіске жетті. Орта есеппен "Кемеңгердің" ұпай саны 1123,5-ке тең болды.
Екінші орынды  бастапқыда соңғы орында келе жатырып, байқау ортасында екпін алып, бәрін басып өзған "Бастау" тобы иеленді. Олардың ұпай көрсеткіші – 639,3. Жетекшісі – Жандарбек Жұмағұлов.
Ал, үздік үштіктің қатарына іліккен "Арша" тобы орта есеппен 462,3 ұпай жинады. Бұл топқа жетекшілік еткен – Марғұлан Ақан.
Топта небәрі үш қыз болғанына қарамастан, осңына дейін күресіп, кейде сүрінсе де орындарынан қайта тұра білген "Ғарыш" тобы 241,5 ұпай иеленді. Айымгүл Оралқызы жетекшілік еткен бұл топ мүшелерінің асар асуы әлі алда.

Ал, енді осы байқаудың ажарын кіргізген біздің қатысушылармызға келсек...

1 – орын

фыв

Айдана Туртқулбаева – бұл байқаудың жеңімпазы. Өзінің еңбекқорлығымен қатар, өзіндік пиарды жақсы жасай алатындығымен ерекшеленген бұл аруымызға ұжым атынан ноутбукке арналған күнделікті қолдануға болатын сөмке мен "Меломан" дүкендер желісі ұсынған қазақы нақыштағы қойын дәптерін сыйға тартамыз.

2 – орын

ы

Байқаудың екінші аптасында қатарымызға қосылғанына қарамастан түрлі қызықты блогтары мен әсем күйлері арқылы жанымызды баурап алған Мадина Оқас екінші орын иемденді. Массагет порталы кәуап дайындауға арналған іспараны (шампур) сыйға тартады.

3 – орын

фы

Үшінші орын иегерлері бізде екеу – Назима Юлдашева және Айсұлу Би. Бір-бірлеріңізбен ылғи байланыста жүрсін деп сіздерге ұжым атынан веб-камераны сыйға тартамыз.

4 – орын

ы

Өз тобының мақтанышы – Сандуғаш Аманкелдиеваның жазары көп. Белсенді, уақытылы жұмысты орындайтын бұл аруымызға компьютерге арналған тышқан мен қойын дәптерді сыйға тартамыз. Жазарың көп болсын!

5 – орын 

фы

Әсел апайының шәкірті Әсел Нұрланқызының жазу шеберлігі мен стилі қалыптасқаны сонша, оның әр жазбасы қызықты әрі ой саларлық. Саған Массагет порталының атынан Әбіраш Жәмішовтың кітабы мен порталымыздың арнайы жеңіл жейдесін сыйға тартамыз.

6 – орын

ыва

Екінші жыл қатысып, мақсатын әңгіме жазуға арнаған Ақниет Жаманқұл алтыншы орынды иемденді. Жазған әңгімелерінің алғашқы оқырмандары сіз бен біз екенімізді ұғыну қандай бақыт! Қаламың ұшталмасын, Ақниет. Сені талмай жазсың кейін оны таспа түрінде сақтасын деген ниетпен саған үнтаспаларға арналған сөмке мен қойын дәптерді сыйға береміз. 

7 – орын

ыв

Спорт десе ішкен асын жерге қоятын, каратэні оқырмандармен жақын таныстырған "Кемеңгерлік" Жұлдыз Халдароваға  "Массагеттің" арнайы жылы жейдесін (толстовка) сыйлаймыз.

8 – орын

ыва

Кәріс мәдениетімен қатар, мақсатына жету үшін тілін меңгерген Бахытнұр Нұрболатқызына 8-орын бұйырды. Алдаспан тобының жеңіл жейдесі мен үнтаспасын ұсына отырып, бағындырар белесін көп болғай дейміз.

9 – орын

131

Сүйкімді, қылықты, спортқа жаны құмар Арай Сисенбай бізге шетел әндерінің қазақша нұсқасын бірнеше рет ұсынған болатын. Болашақта сенен тың аудармаларды күтеміз. Сәттілік, балапан!

10 – орын 

фывҮздік ондықты бекітетін "Бастау" тобының мүшесі – Арайлым Ысқақ. Арайлым әркез "Неге?" деген сұрақтың жауабын іздеп жүреді. Оның әр жазбасы өзіндік тың идеялары арқылы ерекше. Биіктерді бағындыр, ізденмпаз дос!

11-орын

фыв

Ерекше ойлайтын нағыз жігіттердің төресі Нұрлыхан Жұмахан он бірінші орынды ие болды. Өзіннің ерекше қолтаңбаң арқылы еріксіз оқытатын жазбаларың көбейе берсін. Біз сені әркез қолдаймыз.

ффяыв

Көркем Жұмаханова, Наргиз Бекен, Рысгүл Қазыбекқызы сынды аруларымызға "Жұлдыз ФМ" радиосының арнайы жеңіл жейдесін сыйға тартамыз. Кітапті жиі оқитындығымен көзге түскен Көркем, қолынан бал тамған Рысгүл мен қызықты жазбалардың авторы бола білген Наргиз, сіздердің бағындырар биіктеріңіз әлі алда. Біз сіздерге сенеміз!

535

Сымбат Дабылқызы, Перизат Сағынтай мен Ақжарқын Нұрлан, сіздерге толағай табыстар тілейміз. Массагет порталының сүйікті оқырманы ғана емес, ең мықты қолданушысы болуларыңызға тілектеспіз. Бұл байқауда өздеріңіздің шеберліктеріңіз бен қабілеттеріңізді шынайы дәлелдей алдыңыздар. Қаламдарыңыз мұқалмасын!

13

Ақжайықтың ерке қыздары, "Ғарыштың" ғажап бөлшектері – Айнәзік және Аяжан Кәрім, болашақта сіздерден тың жазбаларды асыға күтеміз. 

 

Құрметті, "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының қатысушылары, жетекшілер!

Бұл байқаудың соңына дейін қол үзбестен, талмай еңбек еткендеріңіз үшін ұжым атынан алғыс айтамыз. Бізбен бірге болыңыздар. Массагет арқылы өз қолтаңбаңды қалдыр.  

4
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 26 тамыз 2017, 19:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.