Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!

 Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн...Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мерке.. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып ,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн... Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн...Бүгін соңғы қоңырау!


 

Бір кездері шашымызға ақ бантик, мойнымызға көк галстукті тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар едік. Енді бүгін соңғы қоңырау үнін сағынып отырған, жай ғана қатардағы адамдармыз...Қоңырау үнін қатты сағындым! Мектебімді, ұстаздарымды сағындым...

Қызыыыық! Біз адамдар өткенімізді неге сонша тез ұмытқыш келеді екенбіз!? Қазір ойлап қарасам, оқушылық өмірден еске түісіп отырғаны тек мына жыр шумақтары екен:

Мектебің мынау,классың

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың...

               *****

Соқ,соқ қоңырау

Сыңғырлайды қоңырау

Сылдырлайды қоңырау

Сыңғырлайды,сылдырлайды соңғы қоңырау!

              *****

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.

Осы бір тақпақтарды жаттамаған оқушы жоқ болар, сірә?! Ал сіздің "мектеп", "оқушы" деген ұғымдарды естігенде ойыңызға не оралады? Бірге еске түсірейікші!


Осы пост арқылы қасиетті білім ордаларын, ыстық сағанышпен еске алып отырған жандарды бүгінгі мерекемен құттықтағым келеді. Білім нәрін сепкен алтын ұя мектептеріңіз, еркеліктеріңізді көтере білген ардақты ұстаздарыңыз,тай-құлындай тебісіп өскен құрдастарыңыз бен парталастарыңыз,қайта оралмас балалықтарыңыз жадыларыңыздан мәңгі өшпесін! Қоңырау үні құлақтарыңыздан мәңгі кетпесін!

34
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 25 мамыр 2012, 11:12
Тегтер: соңғы қоңырау

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.