Адамзаттың асыл қазынасы кітап туралы философ Ф.Бэкон : «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Дегенмен сол ойдың кемесіне мен әлі жайғасып отыра қойған жоқпын-ау! Өйткені, он тоғыз жыл ғұмырымда көрегенімнен көрмегенім, білгенімнен білмейтінім қаншалықты көп болса, оқығанымнан оқымағаным соншалықты көп. Самат аға эстафета таяқшасын бергеннен соң, жазбағаным ұяттау болар...
1. Кітап маған тақтан да қымбат (Шекспир).
Адамзат жаралғалы бері жазылған кітаптардың санын ешкімде білмейтін болар...Бірақ, кітаптар көп екені ақиқат. Өз басым кітаптардың ұлысы, кітаптардың сұлтаны ретінде Аллаһтың сөзі – «Құран Кәрімді» танимын. Прозаның да, поэзияның да ешбір ғұлама қайталай алмайтын үлгілері көрсетілген кітаптың адам баласына берері мұхиттай терең, теңіздей телегей. Сондықтан, әрбір адам деген асқақ атқа ие, әрбір мұсылман болу бақытына ие болған пенде осы кітапты оқуы тиіс деп санаймын.
2. Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал (Каменскиий).
Ес біліп, етек жинап, оң солымды танып келе жатқан шағымды қолыма Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы түскен болатын. Аталған кітаптың мен үшін берген тәлімін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Меңтайдың күнделігіндегі «Апамның айтқандары» әлі күнге дейні қойын дәптерімде өзіммен бірге жүреді. Құрбыларыма оқытудан шаршаған емеспін. Соныдықтан өмір өзенінің жаңа белестеріне қадам басып келе жатқан барлық жасөспірімдер «Махаббат қызық, мол жылдарды» оқыса екен деймін. Жалпы, Ә.Нұршайықовтың барлық кітаптарын оқып шығу артықтық етпейді.
3. Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі (Горькиий).
Таңертең ғана оқып бітірген Ги де Мопассанның «Томпыш» кітабын кез-келген жастағы кітапсүйер қауымға ұсынғым келеді. Француз ұлтының басына қиыншылық түскен кезеңдегі халықтың ауыр жағдайы, мадам Элизабет Руссенің жиіркенішіт әрі аянышты өмірі кімді болсын қызықтыратынына сенімдімін.
Осыншама аз оқитындығым үшін кітаптардан ұялып та кетемін. Ғалымдар адам әр күнінде 10 миут кітап оқуды дағдыға айналдырса, 20 жылдан кейін өмірінде зор өзгерістер болады дейді. Бәлкім, осы қағиданы ұстанар болсам, Аллаһ қаласа жиырма жылдан кейінгі ұсынар кітаптарым бұдан да тамаша болар! Әзірге осы...
Эстафета таяқшасын Елбарыс Қайраханға ұсынамын!
Бізге әлеуметтік желілерде де қосыл
Instagram Вконтакте Facebook Twitter