Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ер болсаң, Қасымдай бол, қазақ жігіті!

Ер болсаң, Қасымдай бол, қазақ жігіті!

Ер болсаң, Қасымдай бол, қазақ жігіті!

Жұрт жыл санап, күн санап күткен «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрерменге жол тартты. Әріптес ағам Ернар Алмабек «Түсіру режиссерге сын, бармау көрерменге сын» дегесін, қазақтығымызға сын болмасын деп, елдің даттау, сынауына қарамай, фильмді көзбен көруге біз де бардық. Өзіме ерекше әсер еткен тұстарын тізбектейін.

«Кітап ұстағандар емес, қылыш ұстағандар ел билейді» деген Бұрындықтың сөзі еш нәрсеге «мұрындық» бола алмады. Фильм бұл пікірді жоққа шығарып, жастарды кітап оқуға шақырады.

Трилогия бойынша, Қасым кейін бәрібір хан болады. Биікке ұмтылып, жанталаспай-ақ, адамдықтан аттамай-ақ, билік қолына тиеді. «Таста тамыр жоқ, төреде туыс жоқ» деген сөзді ұстанып, туған бауырының көзін жоюға да баратындар емес, адамдықтың ақ туын көтергендер ел туын да көтеруге лайықты.

Қасымның зеректігі, кітаптан тапқан пайдасы әр сөзінен көрініп отырады. Әкесі де жас демей, оның пікірімен санасады. «Әкем бауырым екеумізді ешқашан бір-бірімізбен салыстырып, бірімізді артық қойған емес» деуінде қанша мән жатыр... Анасына берген сертін бұзбауы өз алдына, «серт беріп ем» деп ел алдында күмілжімей, «Шаһ-Мұхаммедті өлтіргенде не түседі, аз халықтың берекесін босқа қашырмайық» деп аталы сөзбен тереңдігін таныта түседі...

Қасым мен Шаһ-Мұхаммед бір үйдің қыздарынан, яғни апалы-сіңлілі екі анадан тәрбие көрді, бірақ екеуі мүлде екі әлем. Бәрібір әкеден көрген үлгі, қанмен дарыған қасиет басым болады.

Қазағымның барша азаматына бірін бірі батыр деген Керей мен Жәнібектің татулығын нәсіп етсін Тәңірім! Ер болсаң, Қасымдай бол, қазақ жігіті! Тәрбие берсең, Жәнібек пен Жаған-бикедей бер, ата-ана!

299 0
Рейтинг: +13

Жазылған уақыты: 08 қаңтар, 01:34
Тегтер: Қазақ хандығы, Алмас қылыш, Көшпенділер,
Пікірлер
+2
08 қаңтар, 13:59

Мен де әне, міне деп жүр едім. Мына жазбадан кейін бүгіннен қалмай барсам ба деп тұрмын!

+0
08 қаңтар, 16:19

Иә, жұмыста көрмеген тек сіздер қалдыңыздар ғой деймін. Дүйсенбі күні жатып кеп талқылаймыз бұйырса...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...