"Алмас қылыш" көрерменге жол тартты

"Алмас қылыш" көрерменге жол тартты
Фото: http://www.kazakhfilmstudios.kz/

"Қазақ Елі" сериалының кинонұсқасы "Алмас қылыш" көркем фильмі бүгіннен бастап Қазақстан бойынша прокатқа шықты.

Сценарийі Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романы негізінде жазылған фильм 15 ғасырдың орта тұсындағы алмағайып заманды көрсетеді. Бір кездері зор қуатты империя болған Алтын Орда құлап, төре тұқымынан шыққан сұлтандар билікке таласып, бірінің артынан бірі өз алдына жеке хандықтар құрыла бастайды. Бұл жағдайда Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарайтын Керей мен Жәнібек сұлтандар да шет қалмай, өздерін қолдаған көшпенді жұртты жандарына ертіп, жер жәннаты атанған Жетісуға келіп, жеке мемлекет құрады. Алайда, бұл мұратқа жету үшін олар көп қиындық пен қастандықты бастан өткерді.

Туындының 5 айға созылған түсірілімі Алматы қаласы мен Алматы облысында өткен. Оған 500-ден астам адам қатысқан.

Қоюшы режиссері: Рүстем Әбдірашов

Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірашов

Қоюшы суретшілері: Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков, Еділ Нүсіпов, Жаннат Баймұқанова

Қоюшы операторлары: Сапар Қойшыманов, Александр Плотников және Андрей Маслов

Бас продюсері: Арман Әсенов

Композиторы: Әбілқайыр Әбдіраш

Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Әбілжанов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іңкәр Әбдіраш, Дінмұхаммед Ақымов және басқалары.

Y. Almabek