Жаңа бейнебаян

Жаңа бейнебаян
жеке
блог

Сәлем, достар!

Алғашқы жазбамызда уәде еткеніміздей, біз бұл жолы сіздерді өз шығармашылығымызбен жақынырақ таныстыруды жөн санадық. Оның ішінде осы күндері экраннан көрсетіліп жүрген «Виктория» туындысына түсірілген бейнебаян туралы айтқалы отырмыз.

Бейнебаян шөлді аймақта, жаздың аптап ыстығында түсірілді. Түсірілім жұмыстары таңғы сағат 5-тен басталып, түнгі 1.30-да аяқталды. Аптап ыстықта, күн астында қалың костюм киіп, аспапта ойнау қиынға соқты. Оның үстіне біз қолға қылыш алып, кәсіби каскадерлермен тартысқа түстік. Түсірілім жұмыстарының алдында 1 ай уақыт біз каскадерлерден сабақ алдық. Олар бізге қылышты қалай ұстау керектігін, оны тартыста қалай пайдалану керектігін үйретті.

Қанша қиналсақ та, еңбегіміздің жемісті болды. Қиналған сәттерді еске алғанда жүзіміз тек қана күлкіге ғана толады.

Назарларыңызға сиясы кеппеген бейнебаянымызды ұсынамыз. Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз. Көп рахмет, достар! Жүздескенше  =))))))