- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ең ірі тірі...
Ең ірі тірі ағза
Мойындаймын, мен үшін үстел үстіндегі саңырауқұлақ түрлерінен артық қорқынышты нәрсе жоқ. Әсіресе, аймақтық шағын қалашықтарда кездесуі.
Александр Дюма
Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақтар микроорганизмдер ішіндегі ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, клеткасында хлорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып тіршілік етеді.
Сыртқы орта жағдайларына саңырауқұлақтар төзімді организмдер. Төменгі температура, түздың едәуір концентрациясы және ортаның қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс жүзінде барлық жерлерде кездеседі. Тіпті, сіздің шарбағыңызда да өсіп тұрған шығар. Ендеше, сол саңырауқұлақтардан ең ірі ағза шығады деп кім ойлаған. Сөйтсе, шығады екен.
Тіпті өте сирек кездесетін түрі. Өз аулаңыздағы қарапайым томарқұлақтар (Armillaria ostoyae) колониясын бір көрмеген боларсыз.
Сіздің жағдайыңызға қарай, олардың белгілі мөлшерде ғана өсуін үміт етеміз. АҚШ, Орегон штаты, Малур Ұлттық қорығында өсетін рекордшы томарқұлақ 890 гектар аумақты алып жатыр. Ал өсіп тұрғанына сегіз мың жылдар шамасы болған. Оның көлемді бір бөлігі көзден таса, мұртша тәрізді ақ ұрығы (mycelia) (саңырауқұлақ тамырының эквиваленті) ауқымды төсеніш секілді жайыла жер астында көміліп жатады. Ол ағаштардың тамырларын байлап-матап, қирап құлауына себеп болады. Тек қана жер қыртысын жарып шығып, кішкене бейкүнә алтын түсті саңырауқұлақша түрінде өсіп жетіледі.
Алғашында Орегон штатындағы бұл алып томарқұлақ орманның бүкіл аумағында өсетін жеке жинақталған нәрсе ретінде қарастырылған болатын. Олардың мұншалықты көбейіп кетуі неден болды? Өте нәзік жіпшелерден тұратын саңырауқұлақтың бұл түрі қоршаған ортадан еш қысым көрмесе, онда споралар арқылы көбейіп шыға келетін көрінеді. Онда олар бір емес, бірнеше миллиард болғаны ма?! Жоқ. Ғалымдардың барлығы: «бұл – бізді жер астымен жалғастырушы бөлінбейтін біртұтас ағза» – деген ортақ шешімге келіпті.
Форумда талқылау
Суреттер: stepandstep.ru
Л. Лига