Массагет сайтына блог жазу

Массагет сайтына блог жазу
жеке
блог

Массагет сайтына жаңадан тіркелгендер арасында "өз таңбасын қалдырғысы келіп", алайда блог жазу жолын білмейтіндер әлі де бар. Ештеңе етпейді. Ешкім де іштен бәрін біліп туған жоқ. "Массагетке қалай жазба жазамын?" "Блог жазу үшін не істеймін?" деушілерге осы кеңестер көмектеседі деген ойдамын. 

Массагетке тіркелген болсаңыз, Кіру пернесін басып, логин мен пароль теріп, еске сақтау түймесіне қанатша қоямыз.

Блогтар мәзіріне кіріп, Блог жазу батырмасын таңдаймыз.

Блог тақырыбын жазып, Анонсты толтырамыз. Бұл жерге мәтіннің қысқаша мазмұны не ең маңызды үзіндісі жазылады. 

 

Блогты әлеуметтік желілерде бөлісер болсаңыз, не ең қызықты блогтар қатарына шығатын болса, тақырыппен бірге осы анонс қана көрініп тұрады.

Осылай мәтін деген жерге бірден енгізіп жаза беруге болады немесе W белгісі көрсетілген түймені басып, Уорд бағдарламасында жазылған мәтінді көшіріп қоюға болады. Мәтінді толық енгізіп болған соң барлығын белгілеп алып (Ctrl+A) По ширине түймесі арқылы мәтіннің екі жағын төртбұрышты қалыпқа келтіріп, әдемлеп қоямыз.

 

Ал мына түйме арқылы қажетті бейнежазбамыздың сілтемесін көшіріп қойып, видеоны да блогқа енгізуге болады.

HTML басып,  width="425" height="350" жазуларын width="100%" height="500" етіп өзгертеміз, сонда бейнежазбамыз толық экранға шығады.

Блог жазғанда алдыңғы блогыңыздың сілтемесін бергіңіз келсе, не қозғаған сөзіңізге қатысты басқа мақалаға бірден өтіп кететін сілтеме бергіңіз келсе, гиперсілтеме қою әдісін қолдануға болады.

Ілмек сөздер бос орнына тақырыпқа қатысты іздегенде оңай табылатын кілт сөздерді жазамыз. Айдар таңдаймыз да, Статус "Жарияланды" деп өзгертіп, сақтау пернесін басамыз. 

Блог сақталған соң, өзіңіз бірнеше қайталап оқып шығыңыз. Қате кеткен жерлері болса, ең астында тұрған Өзгерту батырмасы арқылы түзетуге болады.

Блогтың техникалық жағы түсінікті болса, тағы бірер кеңес бере кетейін.

- Оқырманды тарта алатындай тақырып қоюға тырысыңыз. 

- Мәтініңіз тым қысқа не аса ұзақ болмағаны жақсы. Әйтпесе блогыңыздың тақырыбын қанша "айқайлатып" қойсаңыз да, оқырман ашқан бетімен қайта жауып тастауы ықтимал. Аса маңызды мәселені қысқаша жеткізе алмай, ұзақ жазуға мәжбүр болсаңыз, гиперсілтеме беру арқылы екі бөлікке бөліп жариялаңыз.

- Әрқайсысы 5-6 сөйлемнен аспайтын абзацтарға бөліп берсеңіз, оқуға ыңғайлы болмақ.

Ал сауатты, әдемі жазба жазғыңыз келсе, мына сілтемелерге өту арқылы керек кеңестермен таныса аласыз:

Әдемі жазудың 30 ережесі

Сауатты жазуда мынаны ескерейік

Жақсы жазба жазылуы үшін

Жас жазушылар жіберетін қателіктер

Жазу шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар #3

Блог деген не? Блогқа не жазамын?