Жақсы жазба жазылуы үшін

Жақсы жазба жазылуы үшін
Фото: mygazeta.com

Ойлана білетін адам жаза біледі. Жақсы жазу табиғаттан тарту болатын талант емес, ол көп оқығанда, көп жазғанда уақытпен қалыптасатын қабілет.

Сөздеріңіз, сөйлемдеріңіз, тіпті абзацтарыңыз да қысқа әрі түсінікті болсын.

Бір нәрсені талқылағанда екі беттен аспайтындай етіп жазыңыз. Ойыңызды шағын мәтінмен толық жеткізуге дағдыланыңыз.

Жаңалық енгіземін, жаңа сөз жасаймын деп ереженің белінен баспаңыз.

Қалай сөйлейтін болсаңыз, солай жазыңыз. Тек қана шынайы жазылған, жүректен шыққан сөздер жүректерге жетеді.

Қолданған қанатты сөздеріңіздің тақырыпқа қатыстылығын, мағынасын, дұрыс-бұрыстығын анықтап алыңыз.

Жазған нәрсеңізді сол күн жарияламауға тырысыңыз. Келесі күні таңертең қайта оқығанда, кем-кетігін түзетер, алып-қосар ой туады.

Егер асығыс шығаруыңыз керек болса, әріптестеріңіздің пікірін сұраңыз.

Жазғаныңызды оқырмандар толық түсінетініне, біреуге пайдасы тиетініне сенімді болғанда ғана жариялаңыз. 

@. @assel_assanova