жеке
блог

Жасанды түсік - жаһан дерті

Блогшы, иллюстратор Аңсаған Мұстафа жас қыздардың некесіз жүкті болуына қоғам дерті деп таниды. Оның «Анам мені өлтіретін шығар» деген суреті әлеуметтік желілерде көп көрілім жинады. Суреттің астарында көп мән мен мағына жатыр.

- Маған қазақтың жас, сұлу қыздары ұнайды. Олардың көбісі аңғал келіп, тез алданады. Бұл суретті жасау мақсатым – тек қыз балалар ғана емес, ер адамдар да некесіз жақын қарым-қатынастың дұрыс емес екенін ойланса екен деп едім. Аборттың салдары жас қыздардың ағзасына кері әсперін тигізеді. Кейбіреуі түсік жасатқан соң бала көтере алмай қалуы мүмкін. Ал моральдық-психологиялық қиындықтар туралы сөз бөлек.

ООН қорының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын дамушы елдерде 20 мың кәмелет жасқа толмаған қыздар бала босанады. Бір жыл ішінде осы көрсеткіш 7,3 миллионға жетеді. Оның ішінде 2 миллионы 15 жасқа толмаған қыздар.

Ал Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы 20 мың қыз бала көтереді. Шамамен 10 мыңы жасанды түсік жасатады. Маман Райымбек Сисемалиев Қазақстандағы жасөспірімдердің 10 пайызы 14 жасқа дейін, 50 пайызы 19 жасқа дейін жыныстық қатынасқа түсетіндігін айтады. (Статистикалық мәліметтер мен төмендегі оқиға азаттық сайтынан алынды).

Азаттық тілшісі алматылық Әсияны жекеменшік медициналық орталықтардың бірінің алдында қарсы алды. Тұла мойынан мін табылмас ару қыз дала орындықтарының бірінде отырды. Түрі шаршаңқы көрінді. Ол жаңа ғана түсік жасатып шыққанын айтты. Суретке түсуден бас тартып, өз қиындығы туралы айтып берді.

- Наркоздан кейін өзіме келгеніме екі сағат қана өтті. Таңертеңгі тоғызда келген едім, қазір сағат бір болды. Дәрігер жас болғандықтан, барлығының тез өтіп кететінін айтты. Алайда әлі де басым айналып отыр. Үйге де жылдам баруым керек, сабағым аяқталатын уақыт та таяп қалды, - дейді қыз.

Он бірінші сынып оқушысы байқаусызда өзінен жасы үлкен жігіттен жүкті болып қалған екен. Бұл ситуациядан қалай шығарын білмегендіктен, аборт жасатыпты.

- Жігітім балалар туралы ойлауға әлі ерте екенін, бар өміріміздің алдыда екенін айтады. Мен де ойланып, дәл қазір бізге бала керек емес деп шештім. Менің үйімдегілер бұл туралы білмейді, біліп қойған жағдайда, жағдайым нашарлайды. Мектепті де бітіріп үлгерген жоқпын, - дейді Әсия.

Әсияның басындағы жағдай кез келген қазақ қызының басында болуы мүмкін.

Қазақстан жастарының арасында әлеуметтік желілерде жасөспірім қыздардың жүкті болып қалу мәселесі қызу талқыланып жүргендігі байқалады. Жасанды түсік – жаһан дерті. Оның алдын алу үшін сауатты жастардың санын көбетіп, оларды білім мен ғылымға баулыған жөн болар. Ал сіз қалай ойлайсыз? Мұны қалай алдын алуға болады?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі