Барлықтарыңызға сәттілік!

Барлықтарыңызға сәттілік!
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, Массагеттіктер! Мен өзімді ақынмын деп атай алмаймын. Жай ғана Абай атамыз айтпақшы ойыма не түссе, соны қағаз бетіне түсіре беретін адамдарданмын. Енді соның бірін, яғни "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауы бойынша шығарған шағын ғана өлеңімді сіздермен бөліссем деймін:

Бос уақытты тиімді қып өткізер,
Мақсат көп үш ай жазда еңбектенер.
"Ағылшын, орыс тілі, кітап оқу..."
Білмегенді үйренем, еңбектенем.

Қиын еді бір өзіме талабым,
Көмекке келд Массагеттен достарым.
Достарымның қолдауының арқасында
Болашаққа дөп басылар қадамым.

Әр ісімді бағалап, кеңес беріп отырар,
Қолдаушым бар Жолдас атты ұстазым.
Ұйымдасып, жеңіске бірге тырысар,
"Эрудит" тобы тапқан жарасым.

Біз жеңеміз, біз мықтымыз, біз күштіміз,
Әрдайым алда келер көшіміз.
Жеңіс туын көтерерміз алда біз
Талай шыңды бағындырар өзіміз.

Құрметті басқа топ мүшелері! Сіздерге де үлкен сәттілік тілеймін. Алдыңғы орындардан көрінулеріңізге тілектеспін. Байқау өте тартысты боларына сенімдімін. Себебі сіздер де осал емессіздер. Сау болыңыздар!