Байқаудың шешуші аптасы да келіп жетті

Байқаудың шешуші аптасы да келіп жетті
жеке
блог

Құрметті блогшылар, міне екі айдан астам уақытқа созылған сайыстың ең соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Өткен аптада соңғы апталық блог жарияланып, тоғыз үздігіміз келесі кезеңге жолдама алған болатын. Тоғыз блогшы бір тақырыпта ой өрбітті. Қатысушылардың блогтарына тоқтала кетсек:

1. Марғұлан АқанДӘН

2. Досхан ЖылқыбайҚасқырдан - Қыранға

3. ** @iZeRe **Тәуелсіздік-қайсар рухтың жемісі!

4. Абылай ЕсімбайСайын даладағы көкжал

5. Жадыра АққайырСен де, мен де - тарихпыз

6. Нұршат ӘлімқызыАлыстан жеткен аманат

7. Әйгерім БегімбетАзаттық жолында...

8. Сыр қызы«Керемет күн»

9. Әсел ҚұрманУақыт саяхатшысының күнделігінен

Байқауға қатысатын өткен аптаның блогтары осылар. Ендеше massaget.kz ұжымы бір блогпен дауыс беруді ұйымдастырмай, келесі шешуші кезеңге толығымен тоғыз блогшының өтетінін жариялайды. Яғни, екінші кезеңнің тоғыз блогшысы енді еркін тақырыпта блог жазады. Осы аптаның соңында massaget.kz тілшілері екі блогты ескере отырып, дауысқа салады. Ал жалпы қорытынды тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына және massaget.kz сайтының 3 жылдығына орай алдағы аптада жарияланатын болады. Жеңімпаздарды анықтау сәті жақындай түсті. Соңғы демде белсенділік танытып, өз мүмкіндіктеріңізді паш етіңіздер. Іске сәт!