жеке
блог

Мерекелеріңмен, еріктілер!

Сәлем, достар! Көріспегелі көп болды! Жағдайларың қалай? Менде бәрі ойдағыдай)

Екі айдай алыстап кеткендіктен, Массагет маған бөтен сияқты көрінді кеше... Өзім кінәлімін) 

Сол алыстап кеткенде, не ғой, тақырыпты оқып түсінген шығарсыңдар?) Менің ерікті болып жұмыс атқаруды ұнататынымды біраз массагеттіктер біледі. Былтыр Бокстан Әлем Чемпионатында, биыл Ауыр атлетикадан өткен Әлем Чемпионатында волонтер болып, біраз тіл сындырдым) Бүгін сол  бұған дейін ерікті болған, кейін ерікті боламын деп және қазір ерікті болып жүргендерді бүгінгі мерекелерімен, Халықаралық Еріктілер күнімен және өзімді де мерекеммен құттықтаймын!) 

1985 жылы алғаш рет БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Халықаралық Еріктілер күнін тойлауды енгізген екен. Содан бері желтоқсанның бесінші жұлдызы экономикалық және әлеуметтік даму үшін үлес қосып жүрген еріктілердің төл мерекесіне айналыпты. 

Ерікті (волонтер) деген кім? Волонтер - ол күні бойы "комптың алдына телміріп отырудан шаршап", қоғамға, достарына, өзіне пайдалы іспен айналысамын деп шешкен, белсенді, жігерлі азамат. Асыра айтып жібердім ба?)) Рас қо)

Осы волонтерлықтың арқасында өзіме көптеген жаңа достар таптым (олардың көбісі Политехтан, деее), шетелден келген спортшылармен де фейсбукте достасып алдық), корей тілімді де жаттықтырдым, корейлермен араласып) (бірақ маған корейлер онша ұнамай қалды, олардан гөрі жапондардың мінезі ашық па деп қалдым соңында) 

Кауаиии! Осы сөз құлағымнан кетпейді) Жапондар әбден құлағыма құйып кетті ғой) Қазақша "сүйкімді" деген мағынаны білдіреді) 

А, айтпақшы, Политех демекші, бір қызбен танысқам ғой, волонтерлықтан қайтып бара жатқанда. Сосын қайдан екенін сұрадым, ол менен сұрады. "Таразданмын"-дедім, сөйтсем, "Тараз, ол Астана жақта ғой, иа?" - дейді. Басында түсініңкіремей қалдым. 

- А?

- Тараз қай жақта өзі?

- Шымкенттен бері орналасқан ғой Тараз!

- Ааа...

Ішімнен бәрібір білмей тұрғанын сездім, география оқыған ба өзі деп жынданып тұрм еще) Таразды білмеу деген! Қооой, сондай-сондай қызықтар өтті, айта берсем, көп) Жарайды, кеттім сабаққа! Сау тұрыңдар!

Ааа, айтпақшы, ұмытып барады екем, ертең, 6-желтоқсан, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында 4TH HALLYU FESTIVAL IN KZ 2014 болады. Келіңдер, есік ашық! Мен волонтер боламыын осы жерде де, бұйырса) Көріскенше!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі