Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Иықтан шашың, төгіліп жерге...

Иықтан шашың, төгіліп жерге...

Иықтан шашың, төгіліп жерге...

Көктемнің ең алғашқы таңымен таласа оянып, бүгінгі жоспарым бойынша Ұлттық кітапхана қайдасың? - деп жол тартып кеттім. Автобус толған ығы- жығы адам...Аялдамаға жетіп, автобустан түсуге бет алғанда, кенет бірнәрсе ұстап қалғандай болды, қарасам күртешемнің сырмасына бір қыздың шашы қыстырылып қалыпты.Содан не керек, шашты ағыта алмай екі жақтап әбігерге түстік. Ақыры түк шықпағаннан соң , шашты қолдап үзіп тастауға тура келді. Ал оралған шаш сол күйі сырмамда қалып қойды... Тек бұл ғана емес, орынсыз жайылған шаштардың көпшіліктің мазасын қашырып, көліктің есігіне қыстырылып немесе баз біреулердің түймесіне оратылып кетіп  жататындығының куәгері болып та жүрміз. Қор болған қайран шаштар - ай!

Ежелден бері халқымыздың қыз -келіншектерінің көркі - шаш, шаштың сәні - шашбау ,шолпы, шашқап еді. "Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын..." - деп ұлы Абай жырлаған бұрымды қыздарымыздың қатары азайғалы қашан! Бүгінде әр түрлі сан үлгісімен қиылған ,алуан түстерге боялған шаштар сәнге айналды.

  Біздің данагөй ата - бабаларымыз, ақ жаулықты апаларымыз "Шаштың киесі бар" - деп айтып кеткен.Естуімше шаштың бір талын да кез - келген жерге тастауға болмайды екен, оны құс ұясын салуға алып кетсе де, бас ауруына тап боласың.

  Өз басым шашы ұзын аруларға қызыға да, қызғана қараймын,бірақ, жоғарыдағыдай жағдайлардың себепкері болып жататын қыздарымызға өкпе - назым да  жоқ емес. Алланың береген ерекше жаратылысына тым болмаса қоғамдық орындарда ұқыпты болып,шашымызды  жинастырып жүрсек нұр үстіне нұр болар еді!

14
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 01 наурыз 2012, 13:07
Пікірлер
+0
01 наурыз 2012, 14:17

"Шашты жесір әйелдер жаяды" деген бар. Ертеде әйел баласы шашын жайып жүрсе, білмейтін жандар "оның ері қайтыпты, жесір қалыпты" деп болжайды екен. Сондықтан да, өз басым шашымды жайғанды құп көрмеймін. Анда-санда той-томалақ, мерекелік кештерде ғана әдемілеп жайып қоямын.

+0
01 наурыз 2012, 14:19

мәссаған, шашты кәдімгідей қиып алдыңдар ма? анау қызға сабақ болды не болса да ))

+0
01 наурыз 2012, 17:00

иә, дәл солай!обал болды шашқа!

+0
01 наурыз 2012, 14:29

Шашы ұзын қыздарда нелерің бар? Тиіспеңдер оларға, ондай қыздар сұлу да әсем го шіркін!

+0
01 наурыз 2012, 14:49

Шашы ұзын қыздардың әдемі көрінетіндігіне сөз жоқ. Бірақ сол ұзын шаштарын жайып, өзіне де, өзгеге де ыңғайсыздық тудырмай әдемілеп өріп қоюға болады ғой!

+0
01 наурыз 2012, 14:32

Ұзын шашты қыздарды жақтаймын )) қатты қызығамында ұзын шаштарға )

+0
01 наурыз 2012, 14:34

Сіз әлгі бүркеніп жүремін деп жүр едіңіз го, ұзын шаштың сізге не қажеті бар?

+0
01 наурыз 2012, 14:36

Бүркеніп жүрсемде шашым ұзын Аллаһқа шүкір, өзіме ұнайды ең бастысы, мен өлгенде бетімді сіздің шашыңызбен жаппаймын ғой, сондықтан менің шашымба? менің шашым!

+0
01 наурыз 2012, 14:38

Ой сізде мінез жетерлік секілді гой! Әдепті ма десем?

+0
01 наурыз 2012, 15:06

аллаға шүкір шашым ұзын,белімнен түседі.бирақ жайып жүрмеймін,концерттің өзіне де түйіп шығамын.шама келсе жаймай түйіп немесе өріп қойған дұрыс қыздар!

+0
01 наурыз 2012, 16:26

шаштарыңды қимаңдар қыздар. шаш сұлулықтарың сендердің

+0
01 наурыз 2012, 17:21

Әрине шашты қимаған дұрыс! Бірақ шашым ұзын болды екен деп, қалай болса , солай жүруге де болмайды ғой!

+0
01 наурыз 2012, 19:20

Шаш қиылса, ер адамнан еш айырмашылығымыз болмай қалады...

+0
01 наурыз 2012, 21:56

шашым ұзын, жайып та жүрем. Бірақ бұндай ыңғайсыз жағдайда болып көрмептім(құдайға тәубә)
Ана қыздың шашына обал болды ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.