Ұлттық компаниялар шығынды қысқарту арқылы табысын екі есе арттырды

Ұлттық компаниялар шығынды қысқарту арқылы табысын екі есе арттырды
Фото: tengrinews.kz

Finprom.kz ақпаратына орай, 2017 жылдың бірінші кварталындағы таза табыс көлемі 131,6 миллиард теңгені құраған. Жалпы табыс көлемі 2,5 есеге артып отыр.

Мемлекеттік сектор шығынның көлемін қысқартып, компанияларға инвесторларды тартудың бар мүмкіндіктерін жасап жатыр. Бірақ сатылымнан түскен табыстың көлемі 16 пайызға қысқарған. Ресми ақпаратқа орай, ұлттық компаниялар өткен жылдағы көрсеткішінен 2,7 есе көп табысқа кенеліп отыр.

Айта кетсек, өткен жылдың бірінші кварталындағы табыс 48,7 миллиард теңгеге жеткен болса, биылғы нәтиже 131,6 миллиардты құрап отыр. Мұндай нәтижеге шығынды қысқарту арқылы қол жеткізіп отыр. Айта кетсек, Ұлттық компания басшылары шығынды 18,1 пайызға қысқартып, соңғы бес жылдағы ең төмен шығын көрсеткішіне жетіп отыр.

Банк секторынан қаржыландыру да қысқартылған. Айта кетсек, биыл ұлттық компаниялар өткен жылға қарағанда 38,4 пайызға (43,3 миллиард теңге) аз қаржы алған.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстандағы ұлттық компаниялардың өткен жылғы табысы 240 миллиард теңгені құрағаны туралы ресми ақпарат жарияланған болатын. Бұл да шығынды масштабты түрде қысқартудың арқасында жүзеге асырылған еді.

Ж. Өрісбай