Ғалымдар кәріз суынан пайдалы зат жасаудың жолын тапты

АҚШ-тың Стэнфорд университетінің ғалымдары кәрізбен ағып жатқан лас судан пайдалы заттарды өндіріп алудың жолдарын тапты. Ғалымдардың зерттеу жұмысы ACS ES&T Engineering басылымында жарияланды.

Зерттеушілер кәріз суынан бір емес, бірнеше пайдалы затты алуға болатынын айтады. Солардың бірі – күкірт. Кәріз суын тазалаумен айналысатын реакторларға электрохимиялық микроскопиямен тексерген кезде ғалымдар бұл суды сүзіп, күкірт өндіруге болатынын байқаған. Ең қызығы сол – оны өндіру үшін көп энергия қажет емес. Реакторды барынша баялату арқылы суды сүзіп, кейін химиялық реакциямен күкіртті бөліп алуға болады.

Ғалымдардың айтуынша, кәріз суынан алынған күкіртті жерге тыңайтқыш ретінде қолдануға, аккумулятор батареясын жасап, мобильді телефонға және авиатехникаға орналастыруға болатын көрінеді.

2022 жылы қаңтарда ресейлік ғалымдар кәріз суынан органикалық лас заттарды (бояғыш, еріткіш, тағы басқа) бөліп алудың жолын тапқан. Соның арқасында лас суды біршама тазартуға болады.