- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Танымал логотиптер құпиясы...
Танымал логотиптер құпиясы
Киімде, гаджеттерде, автокөлікте, азық-түлікте бейнеленген логотиптер күн сайын көз алдымызда самсап тұрады. Олардың атауынан өзге беретін мағынасы бар ма, осыны ойлап көрдік пе? Логотипте белгілі сыр жасырынып жатады екен.
Coca-Cola логотипіне мұқият зер салсақ, O мен L әріптерінің арасындағы Дания халқының туын көруге болады. Бұл ойламаған жерден шыққан. Оны өздері де кейін байқаған компания ұжымы бұл фишканы газды сусындарын Данияға таратуда пайдасына жаратқан.
Пілдер адам айтқысыз есте сақтау қабілетіне ие екені белгілі. Бұл таңғажайып жануарлар оқиға мен түрді жадында жақсы сақтайтыны ғылымда дәлелденген. Осы себептен Evernote логотипінде піл суреті бейнеленген. Оның құлағы жиырылып тұрған қағаз секілді бүгулі тұр. Evernote өнімдерін ешқашан ұмытпайсыз.
LG логотипінің қызыл бөлігі күліп тұрған адам стилінде салынған. Оның мәнісі: компания тұтынушымен қарым-қатынасты жақсарту саясатын көздегені. Одан өзге, бұл түрді көп жылдан бері бас кейіпкер Pac-Man-мен салыстырып келеді.
Компания тарихы әуе флотынан басталды. BMW өз шыққан тегіне тұрақты болды да, логотипін өзгертпеді. Ортасындағы ақ-көк тор Бавария туынан алынған.
Америкалық аудиоөнім шығарушы Beats логотипінде ортасындағы қызыл дөңгелек адамның басы ретінде бейнеленген. Ал «b» әрпі – құлақ аспап.
Toyota логотипіне қарап адамдар қалпақ киген бақташыны (ковбой) елесетеді. Бірақ бұл оған түк қатысы жоқ. Әріптерін жекелеп алып қарасаңыз, Toyota сөзін көру қиын емес.
Apple компаниясының логотипі тым «қарапайым». Бір көргенде! Ағылшын тілінде «тістеу» — bite. Ал bite — компьютерлік термин. Міне, философия!
@. @assel_assanova