- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Неліктен Цукерберг 2018...
Неліктен Цукерберг 2018 жылы Facebook саясатын өзгертеді?
Осыдан аз күн бұрын әйгілі Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг Facebook әлеуметтік желісінің жаңалықтар ұсыну тәртібін өзгертетітін жариялаған болатын. Соның нәтижесінде Facebook акцияларының бағасы 3,9 пайызға құлдырап, оның жеке байлығы 74,4 миллиард долларға дейін төмендеді. Блогер Нұрлан Жанай Цукерберг жазбасының толық нұсқасын қазақ тіліне тәржімалапты. Сіз де оқи отырыңыз!
"2018 жылғы біздің басты бағыттарымыздың бірі – Facebook-ке кеткен уақытымыз тиімді жұмсалғанына көз жеткізу. Біз Facebook-ты адамдармен әрдайым байланыста және біз үшін маңызды жандармен жақын болуға көмектесу үшін жасадық. Сондықтан біз әрқашан достарымыз бен отбасымызды жобаның негізі санаймыз. Зерттеулерге сүйенсек, қарым-қатынасты нығайту біздің жағдайымыздың жақсарып, көңіл-күйіміздің көтерілуіне алып келеді.
Дегенмен соңғы уақытта біздің қауымдастықтан алған фидбек (реакция, байланыс) бойынша, әлеуметтік контент, атап айтар болсақ, бизнес, бренд және медиа парақшалардың жазбалары бір-бірімізбен көбірек араласуға септігін тигізетін жеке өмірлік оқиғаларды ығыстырып шығарған.
Қалай мұндай жағдайға түскеніміз түсінікті шығар, соңғы екі жылда видео мен басқа да әлеуметтік материалдар Facebook-ты жарды. Лентада достар мен отбасымыздың жазбаларына қарағанда әлеуметтік материалдар көбеюі Фейсбуктың негізгі міндеті саналатын бір-бірімізбен араласу функциясы арасындағы контент балансын бұзып жіберді.
Біздің сервистер тек қана ойын-cауық үшін ғана емес, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға қызмет етуі үшін де жауаптымыз. Сондықтан біз бұл үрдісті академиялық зерттеулерге сүйеніп, университеттердегі жетекші сарапшылармен өз зерттеулерімізді жасай отырып, мұқият зерттедік.
Зерттеулер нәтижесінде, біз әлеуметтік медианы жақын жандармен байланысу үшін қолдансақ, ол біздің игілігіміз үшін қызмет етеді екен. Біздің көбірек байланыста, ал азырақ жалғыздықта қалуымыз бақыт пен денсаулықтың негізгі көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Басқа қырынан алсақ, мақалаларды жай ғана оқып, видеоларды көре салу - олар қанша жерден қызықты болса да, одан пайда болмауы мүмкін.
Осыған сүйене отырып, біз Facebook-ты қалай дамытуға байланысты үлкен өзгерістер енгіземіз. Жобаны жетілдірумен айналысатын командамның мақсатын өзгертіп, әлеуметтік мәнді қатынасты күшейтуші материал табу бағытына баса назар аударуды тапсырдым.
Бұл бағытта өзгерістерді өткен жылы енгізе бастадық, бірақ ол үшін барлық өнімдерімізге өзгеріс жасау аз уақытты талап етпейді. Сіз көретін алғашқы өзгерістер достарыңыз, отбасыңыз бен топтарыңыздан көбірек материал көру үшін Жаңалықтар лентасынан басталады.
Лентаны айналдырғанда, бизнес, бренд және медиа сияқты әлеуметтік материалдарды азырақ көресіз. Оның өзінде сізге көрінетін әлеуметтік контент адамдар арасындағы мәнді қарым-қатынас жасау стандартына сүйенеді.
Мысалға, ТВ шоулары мен спорт командаларына тығыз байланысы бар қауымдастықтар өте көп. Біз адамдардың жай видео байланысқа қарағанда, лайв видеоларда көбірек қарым-қатынас жасауының куәсі болдық. Кейбір жаңалықтар өзекті мәселелер туралы талқылауға мүмкіндік береді. Дегенмен, бүгінде жиі видео қарау, жаңалық оқу және парақшаны жаңарту жай ғана пассив тәжірибе болып тұр.
Ашығын айтатын болсам, бұл өзгерістерден соң адамдардың Facebook-та уақыт өткізуі мен тәуелді болып қалу көрсеткіші төмендейді. Сондай-ақ, сіздің Facebook-та өткізген уақытыңыз бағалы болады деп ойлаймын. Егер біз осыны дұрыс жасай алсақ, қауымдастық үшін де, бизнес үшін де ұзақ мерзімде ұтымды болатынына сенімдімін.
Асылында Facebook әрдайым жеке қарым-қатынасқа негізделген. Мейлі достарыңызбен, отбасыңызбен болсын немесе әлемдегі маңызды оқиғалар аясында болсын, адамдардың бір-біріне жақын болуына баса назар аударып, Facebook-та өткізген уақытыңыз босқа кетпегеніне сенімді болуыңыз үшін барымызды саламыз".
Ж. Жұмағұлов