Facebook әлеуметтік желісінің жаңалықтар ұсыну тәртібі өзгереді

Facebook әлеуметтік желісінің жаңалықтар ұсыну тәртібі өзгереді
Фото: Moldova today

Facebook әлеуметтік желісінің жаңалықтар ұсыну тәртібі бірнеше айдан кейін өзгереді. Бұл туралы танымал желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг өз парақшасында жазды.

Әлеуметтік желіде жаңалықтар мен жарнама мәніндегі жазбалардың саны қысқарады. Керісінше қолданушының отбасы және достарына қатысты ақпараттар бірінші кезекте ұсынылады.

- Жаңалықтар ұсыну тәртібі о бастағы мақсатынан - адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті, - деп жазған Марк Цукерберг. "Жаңа өзгертулер қолданушылардың желіде аз уақыт жұмсауына себеп болады. Десе де аз уақыт болса да құнды боларына сенемін" - деп сөзін жалғаған. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай керек болатынын да айта кетті.

Айта кетейік, 2017 жылдың маусым айында facebook әлеуметтік желісіне тіркелушілер саны 2 миллиардтан асты.

О. Сансызбай