Өткен жылдың қараша айында АҚШ-тың Boston Dynamics компаниясы Atlas атты адам тектес роботты таныстырған болатын. Ол қазіргі кезде адамға ұқсайтын роботтардың ішіндегі ең күрделі құрылымға ие нұсқа болып отыр. Енді аталған робот жаңа қалыпқа еніпті.
Айта кетсек, ағымдағы жылдың жазында DARPA зерттеу жобалар бойынша агенттігінің өзінің DARPA Robotics Challenge роботтық технология саласындағы байқауының ақтық сайысын өткізбек. Дәл осы байқау үшін бостондық ғалымдар өз роботына өзгеріс енгізіпті.
Ғаламтордағы ақпараттарға орай, құрастырушылар гуманоид роботқа 3,7 кВт көлемді қуат жинақтағыш орнатқан. Қуат көзінің артуына байланысты, енді Atlas бір сағат үздіксіз қозғалысқа ене алады.
Жаңа қуат жинақтағыштың робот салмағын арттыруына байланысты ғалымдар Atlas корпусын жасау кезінде тек жеңіл материалдар қолданған. Сонымен қатар, робот енді сымсыз байланыс құралына ие болған. Одан бөлек қозғалыс жылдамдығы да біршама артыпты.
Алдағы уақытта Boston Dynamics компаниясы жазда өтетін байқауда жеңіске жету мақсатында роботты дамыта бермек. Atlas роботының жаңартылған нұсқасын төмендегі видеодан тамашалай аласыздар:
Сурет: видеодан скриншот
Оқи отырыңыз:
CES 2015. Жасанды санаға ие алғашқы робот таныстырылды
Адам миына ота жасайтын робот құрастырылды