Қытайлар адамды еселеуге дайын

Қытайлар адамды еселеуге дайын
Фото: vistanews.ru

Жақында әлемдегі ең ірі "Клондар фабрикасы" жобасын ұсынған қытайлық ғалымдар адамдарды клондауға дайын екендігін хабарлады. Олардың айтуы бойынша, жалғыз кедергі — қоғам реакциясы. 

Клондау — бірнеше генетикалық бірдей ағзаны жыныссыз жолмен көбейту.

Фабриканың атқарушы директоры Сю Сяочун клондау бойынша ауқымды жоспарларымен таныстырды. Клондау бойынша әлемдегі ең үлкен қытайлық компания Boyalife Group бірнеше мекемемен  оңтүстік кореялық Sooam Biotech Research Foundation және солтүстік қытайдағы Тяньцзин ғылыми академиясымен серіктестік құрды.

Мекеме өз ісін алдағы 7 ай мерзімінде бастауды жоспарлап отыр. 2020 жылға таман клондалған сиырлардың көлемі жылына 1 миллионды құрайтын болады. "Клондар фабрикасы" болашақта иіс сезу мен іздеу және шабу қабілетін арттыру мақсатында полицейлік иттерді еселеуді жоспарлап отыр.

Мекеменің тағы бір қызығушылығы — медициналық тәжірибе жасау үшін приматтарды (маймылдан адамға айналып келе жатырған тіршілік иесі) клондау. Осыдан фабрика басшылығы приматтардан адамға көшуге дайын болуы ойға қонымды бола бастады. "Технология бар. Егер ресми түрде келісім берсе, Boyalife компаниясынан артық ешкімнің қолынан келмес деп ойламаймын", - деді Сю Сяочун. Мекеме адамдарды клондау саласында әзірге ешқандай тәжірибе жүргізілмегенін айтты.

Айта кететін жайт, генетикалық түрлендірілген қытай сиыры Ниу Ниу дені сау бұзау туды. Сиыр 28 тамызда туған. Мал дәрігерлерінің айтуынша, бұзаудың дені сау. Сиыр 2012 жылы генетикалық жолмен алынған екі клонның бірі. Пекиннің ауыл шаруашылық университетіндегі жоба басшысы Ни Геминнің айтуы бойынша, бұзаудың дүниеге келуі ірі ұлттық ғылыми жаңалық саналады. Сонымен қатар бұзау өзінің "табиғи" бауырларымен салыстырғанда қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына шыдамды болып шықты. Қазір қытайлар сиыр етінің тапшылығын көріп, сырттан сатып алуға мәжбүр.

А. Жапатова